Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2026 жылғы 18 ақпандағы № 29-НҚ бұйрығы негізінде 2026 жылғы 26 наурыз күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 13 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 32-тармағына сәйкес

төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып келесідей үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыстар көрсету, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту қысқа мерзімді «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігі
2 Олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу қысқа мерзімді «Антарес А» қоғамдық қоры