Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 32-тармағына сәйкес
төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып келесідей үкіметтік емес ұйым айқындалсын:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 | Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау | Қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыстар көрсету, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту | қысқа мерзімді | «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігі |
| 2 | Олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу | Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу | қысқа мерзімді | «Антарес А» қоғамдық қоры |