RES–2026 аясында экологиялық волонтерлікті дамыту жөнінде 2 меморандумға қол қойылды

Жарияланған күні: 24.04.2026


«Халықаралық тұрақты даму жолындағы еріктілер жылы аясындағы волонтерлік және экологиялық іс-шаралар» сессиясы барысында экологиялық волонтерлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды меморандумдарға қол қойылды

«Caspian Sea Action Week 2026» жобасы Каспий теңізін сақтау және қорғауға бағытталған бастаманы жүзеге асыру жөніндегі ниет туралы меморандумға қол қойылды

Бұл бастама бірлескен экологиялық әрекеттерді, волонтерлік бағдарламаларды дамытуға және Каспий өңірінің экологиялық жағдайы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

«GREEN ARAL: Volunteers for Life» жобасы Сондай-ақ Арал маңы өңірінде экологиялық волонтерлікті дамыту бастамасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба өңір елдерінің экожүйені қалпына келтіру және волонтерлік бастамаларды дамыту бағытындағы күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Қол қойылған меморандумдар аясында ірі халықаралық бастамалар жүзеге асырылады:

Caspian Sea Action Week 2026 (Әрекеттер апталығы) 📅 2026 жылғы 7–12 тамыз 📌 Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы, Қазақстан

👥 Қатысушылар: Каспий маңы елдері (150-ге дейін ресми қатысушы, жалпы 2000+ адам қамтылады)

GREEN ARAL 📅 2026 жылғы 5–11 қазан

Қызылорда қаласы, Қазақстан 👥 Қатысушылар: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан (150-ге дейін ресми қатысушы, жалпы 2000+ адам қамтылады)

Меморандумдарға қол қою өңірдегі халықаралық әріптестікті нығайту және экологиялық волонтерлікті дамытудағы маңызды қадам болды.