Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 02-03/7 «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпанда жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде, грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен 2026 жылғы 13 сәуірдегі Конкурстық комиссия шешіміне (№5 хаттама) келіп түскен шағым бойынша өткізілген Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 21 сәуірдегі №5/1 хаттамасынан үзінді.

Конкурстық комиссия Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 34 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік грант жоспарындағы «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласындағы «Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту», «Аймақ жастарына әскери патриоттық тәрбие беру», «Аймақ жастары арасында заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» басым бағыттары бойынша 2026 жылғы 13 сәуірдегі №5 хаттамамамен рәсімделген конкурстық комиссия шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.