«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Тараз қаласы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Тараз қаласы Ішкі саясат бөлімінің» 2026 жылғы 5 ақпандағы № 9 бұйырғы негізінде 2026 жылғы 6 ақпан күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 3 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру қысқа мерзімді «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі
2 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі