1. Атауы: «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры
2. Жоба атауы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Марс» инклюзивті шеберханасы
3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Бүгінгі таңда Атырау облысында тірек қимыл жүйесіне зақым келген қоғам өмірінен алшақтап, еңбекке араласа алмайтын жастар көп саналады. Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе де осы – мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, оларды қоғам өміріне араластыру, өзіндік даму ортасы қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының «Марс» инклюзивті шеберханасы жобасы – Атырау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік мәселелерін шешуге (жұмыспен қамтылуына, уақыттарын тиімді пайдалануына, қоғаммен тығыз байланыста болуға) мүмкіндік беретін бірден бір жоба. Осы орайда «Жүректен жүрекке» ҚҚ-ның қала орталығында Атырау қалалық әкімдігі тарапынан қайтарымсыз 10 жыл уақытқа жалға берілген 150 шаршы/м кеңсесі бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының грантына ие болғанда сатып алынған 4 тігін машиналары, 5 компьютер және 2 ноутбук құрал-жабдықтары бар. «Инклюзивті шеберханада» тірек-қимыл қозғалыстарына зақым келген жастарға түрлі мүмкіндіктер жасалады.
«Гипс мүсіндерін» өндірумен айналысатын болады. Бүгінгі таңда көптеген сәбилердің ата-аналарының пікірін ескеретін болсақ, аталған материалдан жасалған ойыншық түрі балалардың дамуына үлкен септігін тигізетін, шығармашылық ой еркіндігін сыйлайтын, ерекше сыйлық түрі ретінде де ұсынуға болатын нарықтағы үлкен сұранысқа ие құралдардың бірі болып отыр.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. Біздің мүсіндерді бояу арқылы балалар қол моторикасының дамуына үлкен әсер алады.
Мүмкіндігі шектеулі жастар тігін курстарын оқып, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Жұмыстың негізі ретінде жаңа туылған сәбилерге арналған киімдер, бесік құрал-жабдықтарын тігу жоспарда бар. Болашақта қазақтың ұлттық киімдерін, бұйымдарын, қыз жасауы т.б ұлттық нақыштағы бұйымдар өндіруге ниеттіміз.
Мүмкіндігі шектеулі жастар қазіргі таңдағы сұранысқа ие жаңа мамандық смм-менеджер қызметінің қыр-сырын үйреніп, түрлі жеке компанияларға бұл қызмет түрін көрсете алады.
Қысқа мерзімде мүмкіндігі шектеулі қыз балаларға, жұмыссыз талантты жастарға қолөнер үйірмесі ашылады. Қолдан түрлі заттар жасауды үйреніп, болашақта табыс көзі ретінде жалғастыруға мүмкіндіктері бар.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бос уақыттарында ағылшын тілі курсын оқыту да жоспарда бар.
Даун, аутизм синдромымен науқас балалар табиғатынан қимыл-қозғалысқа қабілетсіз болып келеді. Сол себепті біз осындай науқас балаларға сурет салғызу арқылы шығармашылық қабілеттерінің дамуына сәл де болса үлес қосқымыз келеді. Ал дайын суреттерді түрлі магнит белгілеріне, кесеге, футболкаға басып шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар, дайын өнімдер сатылатын «Бақыт бұрышы» (Счастливый уголок) дүкені ашылады. Бұл дүкенде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан түрлі гипс мүсіндері, тігін өнімдері, қолөнер бұйымдары, сублимациялық бұйымдар сатылатын болады. Болашақта шетелдік компаниялардың арнайы тапсырысымен жасалатын кәдесый бұйымдары сатылымға шығарылады деп күтілуде.
4. Жобаның мақсаты: «Инклюзивті шеберхана» жобасына Атырау қалалық әкімдігі тарапынан берілген Атырау қаласы Ерниязов көшесі, №16 үйдің төменгі қабатына мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнермен айналысуларына қолайлы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Гипс мүсіндерін өндіру жолдары мен іс тігу, смм-менеджер, қолөнер бойынша бір айлық даярлау курстарын ұйымдастыру, орнайы оқу орталықтарымен немесе жеке тұлғалармен байланыс орнату, ағылшын тілінен тегін оқу курстарын және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сурет үйірмесін ұйымдастыру;
«Инклюзивті шеберхананы» қажетті құралдармен жабдықтау(гипс материалдары, тігін машиналары, компьютер, ноутбуктер.б.);
Орталық мамандарына республикалық деңгейдегі мотиваторлар, бизнес-тренерлермен кездесулер ұйымдастыру;
Гипс мүсіндерін өндіруде, тігін цехында, смм менеджер, қолөнер қызметтерін жасайтын тірек қимыл жүйесі зақымданған жастар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың күтімімен үйде отырған аналарды және өзге мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту;
Тірек қимыл қозғалыс еркіндігі шектеулі жандардың өзі өмір сүріп отырған қоғамнан алыстамай, жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасау, өздерін дамытуға деген талпыныстарын арттыру, жан-жақты қолдау көрсету;
Мамандардың қолөнер туындыларын нарықта сатылымға орналастыру (интернет ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы);
«Инклюзивті шеберхананың» өзіндік имиджін қалыптастыру;
5. Жобаны жүзеге асыру орны: Атырау қаласы, Ерниязова көшесі 16
6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2019 жыл маусым
7. Қажетті сома: 2 млн. тг.