Сапаров Елдар Қайсарұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы, Астана қаласы
Еңбек жолында мемлекеттік қызмет және азаматтық сектор саласында, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуде елеулі басқарушылық тәжірибесі бар.
2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және елдің азаматтық секторын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.