«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» КММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор |
1 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру | Жамбыл облысында 878 ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде 200-ге жуық ҮЕҰ ғана белсенді, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін немесе таралу сатысында тұрған (уақытша жұмысын тоқтатқан) ұйымдарды жабу мәселесі өзекті.
Қоғамдық ұйымдардың жеке брендін қалыптастыру, әлеуметтік желілерді жүргізудегі белсенділікті арттыру, өңірдегі азаматтық қоғам институттарының қызметтерін насихаттау бойынша ақпараттық іс-шаралар қажеттілігі бар. Ауылда азаматтық бастамалардың дамуы төмен деңгейде. Ауылдық ҮЕҰ-дың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларға және гранттық жобаларға қатысуға деген белсенділігі аз. Белсенді жұмыс істейтін және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген қоғамдық ұйымдарды тиісті деңгейде ынталандыру қажет. |
5 280 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Жоба аясында Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдарын кемінде 200 өкілдері қамтылады.
Күтілетін нәтиже: 1. ҮЕҰ үшін Жамбыл облысында өңірлік ресурстық орталық ашу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа және гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау және т.б. мәселелер бойынша өңірлік ресурстық орталықта кемінде 100 үкіметтік емес ұйымдарының өкілдеріне кәсіби, құқықтық, консультациялық көмек жүргізу (тіркеу журналын жүргізу); 3. Жамбыл облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған білікті тренерді тарта отырып, жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды жабу мәселесі бойынша, ҮЕҰ есептерін деректер базасына тапсыру бойынша және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысу туралы кемінде 50 ҮЕҰ-ға оқыту ұйымдастыру; 4. Еліміздің тәжірибелі мамандарының қатысуымен кемінде 50 қалалық және ауылдық ұйымдардың жетекшілеріне арналған көп компонентті (қаржылық сауаттылыққа оқыту, бюджеттік процеске азаматтық бақылау жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізу) оқыту бағдарламасы жасақталып, жүзеге асырылады. Аталған оқытуда ауылдық аймақтардағы азаматтық бастамаларды қолдау үшін кемінде 15 ауылдық ҮЕҰ-дың қатысуын қамтамасыз ету 5. Жамбыл облысының азаматтық қоғам саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер, ұйымдардың қызметі мен жобалары, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары туралы әлеуметтік желілерде тұрақты негізде ақпараттар жарияланады. 6. Азаматтық орталықтың қызметі аясында келесі тақырыптар бойынша бейнероликтер түсіру және әлеуметті желілерде тарату: (1) ауылдық ұйымдардың іс-шаралары мен жобалары және (2) облыс көлеміндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ҮЕҰ қызметі туралы бейнероликтер (4 дана бейнеролик). 7. «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсы ұйымдастырылады және өткізіледі. 8. ҮЕҰ өкілдерін Халықтық дипломатия орталығының қызметі туралы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау. |
2 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Облыс ардагерлеріне қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру | Қоғам ардагерлерінің (белгілі қоғам және саяси қайраткерлердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері) бай өмірлік тәжірибесі мен білімі бар, олар қоғамның дамуы үшін маңызды ресурс бола алады. Алайда, олардың әлеуеті көбінесе белсенділік пен қоғамдық өмірге қатысудың болмауына байланысты толық пайдаланылмаған күйінде қалады. Бұл олардың тәжірибесі мен білімін өткір әлеуметтік мәселелерді шешу және жас ұрпақты тәрбиелеу үшін пайдалану мүмкіндігін жіберіп алуға әкеледі.
Сондықтан да қазіргі уақытта азаматтық қоғамдағы белсенділікті арттыру мен оның дамуына ықпал ету мақсатында қоғам ардагерлеріне қолдау көрсету мақсаты тұр. Халқымыздың ежелден келе жатқан құндылықтарының бірі – үлкенді сыйлау, ақылына құлақ асу болатын. Олардың қоғамдағы рөлін пайдалана отырып, аталмыш топты азаматтармен және тұрғындардың жекелеген топтарының (жастардың, кәсіпкерлердің, жұмыссыздардың, әлеуметтік қорғалмаған санаттағы азаматтардың т.б) ұжымдық мүддесін білдіретін азаматтық қоғам институты ретінде қалыптастыру өзекті болып отыр. Қоғам қайраткерлерінің көпжылдық тәжірибесі қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган, бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара әрекет етуіне ықпал бола алады. Олардың қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі шешімдерді қолдауы халықтың құзырлы органдармен сындарлы диалог құруына әсер етеді. Осылайша ардагерлер қызметінің әлеуетін жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерін түсіндіруге, қоғамның барлық тобын біріктіруге, аймақтағы қоғамдық пікір көшбасшылары мен әртүрлі сала сарапшыларын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, қоғамдық сенім орнатуға септігін тигізе алады.
|
6 160 000 теңге | Қысқа мерзімді | Нысаналы индикатор:
Облыс ардагерлерінің азаматтық қоғамдағы белсенділігі мен рөлін арттыру мақсатында Орталық қызметі аясында Жамбыл облыс көлемінде кемінде 30 қоғамдық іс-шараға ардагерлердің қатысуын қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже: 1. Офлайн форматта кемінде 100 адамды қамти отырып, уәкілетті органдардың өкілдерін және ардагерлерді шақыра отырып, өңірді дамыту міндеттері мен өзекті мәселелерін шешу мақсатында ашық пікірталасқа шығарып азаматтық белсенділікті арттыру бойынша кемінде 10 іс-шаралар (мысалы, дөңгелек үстелдер, презентациялар және (немесе) диалог алаңдары) өткізу; 2. Офлайн форматта кемінде 50 адамды қамтып, уәкілетті органдардың өкілдерін және ардагерлерді шақыра отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өміріндегі қиын жағдайларына көмек көрсету, азаматтардың ауыр жағдайларды жеңуге жігерлендіру мақсатында әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кемінде 5 іс-шаралар (мысалы, дөңгелек үстелдер, презентациялар және (немесе) диалог алаңдары) өткізу; 3. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, отбасы институттарын нығайту, қазақстандық бірегейлікті ілгерілету және патриотизмді дамыту бойынша кемінде 100 адамды қамтитын офлайн форматта жастардың қатысуымен кемінде 10 іс-шаралар (мысалы, дөңгелек үстелдер, презентациялар және (немесе) диалог алаңдары) өткізу. 4. Кемінде 50 адамды офлайн форматта қамтитын жастар мен ардагерлердің қатысуымен Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Билер кеңесі» өңірлік конференциясын өткізу; 5. «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай ардагерлерді тарта отырып, кемінде 50 қатысушымен офлайн форматта Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Аналар алқасы» өңірлік форумын өткізу; 6. Офлайн форматта кемінде 50 адамды қамти отырып, «Ардагерлерге қамқорлық айлығы» акциясын өткізу; 7. Барлық аудандар мен Тараз қаласының аумағында офлайн форматта кемінде 100 адамды қамти отырып, естелік сыйлықтар тапсырыла отырып әр түрлі спорт түрлерінен кемінде 5 жарыс өткізу (шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және т.б. жарыстар.). Өткізу орнын ресімдеуді қамтамасыз ету. Әр түрлі түрлер бойынша жарысты бір жерде және бір уақытта өткізуге тыйым салынады; 8. Әлеуметтік жобаны ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру: (1) облыстық телеарналар және баспа БАҚ-та кемінде 5 жарияланымдар; (2) облыстық БАҚ интернет-ресурстарында кемінде 5 жарияланымдар; (3) облыстық танымал Instagram парақшаларында (кемінде 20 000 жазылушы аудиториясы бар) кемінде 5 жарияланымды жария ету. |
3 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру»
|
Елімізде отбасылық саясатты жүргізу бағытындағы негізгі құжат – ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы болып табылады.
Еліміздегі отбасылық саясаттың кешенді зерттеу қорытындысы қоғамдағы ең өзекті мәселелер – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жастар арасында отбасын құруды жоспарлаудың болмауы және ата-ана болуға саналы түрде дайындалмауы, отбасы институттарының әлсіреуі екендігін көрсетіп отыр. Аталған тұжырымдаманың тағы бір негізгі бағыты – гендерлік саясатты қалыптастыру. Елімізде 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әйелдер партиялық тізімнен бөлек, Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат құрамының 30%-ын құрау жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутат-әйелдер үлесі – 27,4%, мәслихатта – 30,5%, ал өңірдегі әйелдер-депутаттар үлесі 29% құрайды. Жоғарыда көрсетілген деректер аймақта отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған бірқатар ағартушылық, ақпараттық және білім беру бағытындағы кешенді іс-шараларды ұйымдастыру, әйелдер көшбасшылығын қолдау арқылы гендерлік теңдікті ынталандыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытындағы жұмысты жүйелендіру қажеттілігі бар екенін көрсетеді.
|
5 280 000 теңге | Қысқа мерзімді | Нысаналы индикатор:
Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және гендерлік мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттық қоғамдық іс-шараларға кемінде 500 адамды тікелей қамту
Күтілетін нәтиже: 1. Облыс аумағында офлайн форматта кемінде 300 адамды қамти отырып, отбасын жоспарлау, саналы ата-ана мен әке болу мәселелері, отбасында қазақи салт-дәстүрді насихаттау, балаларды толық отбасында тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру, балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ажырасу мен отбасылық қолайсыздықтың алдын алу бойынша «Отбасылық құндылықтар» атты кемінде 10 семинардан түратын оқыту шарасын өткізу 2. Офлайн форматта кемінде 100 адамды қамти отырып тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша оқыту ұйымдастыру және «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясын өткізу (ақпараттық қамту – 1000 адам); 3. Кемінде 100 жас адамдарды тарта отырып, отбасының тұрақтылығын, өзара қарым-қатынас пен некені сақтаудың маңыздылығын арттыру бойынша офлайн форматта «Жас Отбасы» ақпараттық курсын ұйымдастыру; 4. Жоба аясында психологиялық коррекция бағытында кемінде 20 жанжалдасқан отбасымен консультациялық жұмыс жүргізу; 5. Әлеуметтік желілерде және облыстық телеарналарда орналастыра отырып, Жамбыл облысының әйелдері мен қыздары арасындағы табысты тұлғалар туралы ұзақтығы 3 минуттан кем емес «Табыс тарихы» атты 2 бейнеролик, салауатты отбасылық қатынастардың түрлі кейстері негізінде отбасындағы зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді ілгерілету бойынша 2 бейнероликті (қазақ және орыс тілдерінде) әзірлеу және жариялау. Бейнероликтер Тапсырыс берушімен келісілуі керек. 6. Әлеуметтік жобаны ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру: (1) облыстық телеарналар және баспа БАҚ-та кемінде 5 жарияланымдар; (2) облыстық БАҚ интернет-ресурстарында кемінде 10 жарияланымдар; (3) облыстық танымал Instagram парақшаларында (кемінде 20 000 жазылушы аудиториясы бар) кемінде 5 жарияланымды жария ету; |
Барлығы: | 16 720 000 теңге |
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «23» СӘУІР МЕН «16» МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта uvp.zhambyl.obl@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp.zhambyl.obl@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;
3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) uvp.zhambyl.obl@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басқармасы басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «22» сәуірдегі № 23-н/қ бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/documents/details/649712?lang=kk
Құжаттар: