Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының тапсырысымен гранттарға конкурс (өтінімдерді қабылдау аяқталды)

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады. 

  1. Конкурс туралы

Оператор «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
1. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті

дамыту

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік халықтың осал топтарын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, елдің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған кәсіпорындарды қосуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрінде өңір бойынша 11 кәсіпкер ғана тіркелген. Дегенмен, аталған салада жұмыс жасайтын бизнес субъектілері көптеп кездеседі.

Сонымен қатар, азаматтық сектордан әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтардың бизнес саласында арнайы білімі болмағандықтан, қиындықтарға тап болуы байқалады. Аталған салаға бет бұрған азаматтарға қаржылық сауаттылық, қаржы көзін табу, маркетинг, сату өнері бойынша кешенді оқыту шаралары қолға алынуы қажет.

Қазіргі таңда аймақта қоғамның әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар болуы, осы бизнестің рентабельділігін, даму қарқынын насихаттау, әлеуметтік кәсіпкерлердің беделін арттыру, еліміздегі аталған саладағы озық тәжірибелерді өңірге енгізу бойынша жұмыстарды жүйелеу қажет.

10 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне жаңа 20 кәсіпкерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізу

 

Күтілетін нәтиже:

1)    Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін түсіндіруге бағытталған барлық елді-мекенде (2 қала және 5 аудан) кемінде 50 адамның (әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлер) қатысуымен 7 оқыту шараларын өткізу;

2)    25 әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлерді және жұмыс жасап тұрған әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметін толық сүйемелдеу, және консультативтік, әдістемелік және менторлық қолдау көрсету;

3)    Уәкілетті комиссия шешімімен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіруге жәрдемдесу;

4)     Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жаңалықтар мен үздік тәжірибелер жинағын (кемінде қазақ және орыс тілінде 200 дана) дайындау және тарату;

5)    Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіру үшін талаптарға сәйкес келмейтін, алайда аталған салада жұмыс істейтін әлеуетті кәсіпкерлерге кемінде 5 грант беру;

6)    Ай сайынғы негізде аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктері туралы БАҚ-та жариялау (мысалы, подкаст, тікелей эфир, сюжет, мақалалар және т. б.);

7)    Өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлердің (3 әлеуметтік кәсіпкер) еліміздегі кәсіпкерлік нысандарымен атап айтқанда,  Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен тәжірибе алмасуын ақысыз тағылымдама ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

8)    Облыстық аудандарда және қалаларда әлеуметтік кәсіпкерлік туралы                 7 билборд орнату

 

2. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу Аймақта шағын және орта бизнес өкілдерінің ҚР Заңында көзделген міндеттерін орындау, кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілігінің маңыздылығын түсіну  бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Дегенмен, аймақта аталған мәселелерді азаматтық қоғам өкілдерін тарту мәселесі өзектілігін жоғалтпады.

Мәселен, аймақтағы қоғамдық ұйымдардың жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, азаматтар тұтынушы ретінде өз құқықтары үшін күресуге құлықсыз екендігі белгілі болып отыр. Азаматтар көп жағдайда өз құқықтарын, нақты іс – қимыл алгоритмін білмейді.

Сонымен қатар, тұтынушылардан бөлек аймақтағы кәсіпкерлік субьектілері өз құқықтары мен заңды мүдделерін, міндеттерін білу деңгейі төмен.

Қазіргі таңда өңірде кәсіпкерлік субъектілердің қолданыстағы заңнамалардың білуі туралы кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған  нұсқаулық әзірлеу, тұтынушылар мен бизнес өкілдерінің құқығын қорғауға байланысты ағартушылық жұмысты ұйымдастыру бойынша сұраныс артып келеді.

10 000 Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикаторлар:

Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру арқылы тікелей қамту – 5000 адам, ақпараттық қамту – кемінде 10 000 адам.

 

Күтілетін нәтиже:

1)   Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР Заңында көзделген міндеттері жөнінде  түсіндірме жұмыстарын жүргізу:

–        Тұтынушылардың құқықтары  туралы кемінде 200 кәсіпкерлік субъектісіне (мейрамхана, кафе, кинотеатр және т.с.с. қызмет көрсетуге 10% қоспау қажет екені, туристік нысандарға жеке тамақтарымен кіруі, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау туралы және т.б.)

–        тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы кемінде 100 сауда объектісіне

–        ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін 15%-ға асырмау жөнінде кемінде 3 гипермаркетке, 87 супермаркетке, 253 шағын маркетке, 1000 үй жанындағы дүкенге, 16 сауда базарына

–        кәсіпкерлік субъектілерінің  кассалық аппаратының қолданылуы бойынша 2500 кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық және талдау жұмысын жүргізу;

2)     Аймақтағы кемінде 30 елді мекенде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сауалнама, түсіндірме және талдау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде   уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныстар береді.

3)   ҚР Заңында көзделген тұтынушылар құқығын қорғау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, кассалық – бақылау машиналарын енгізу жөнінде 2 данадан мемлекеттік және орыс тілде ақпараттық видеоролик дайындау;

4)   Аймақтағы 100 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен және Тапсырыс берушінің келісімімен қорытынды жиын ұйымдастыру.

  Барлығы 20 000

 

  1. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері. 

  1. Қағидалардың 39тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда. 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «22» АҚПАН МЕН «14» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН; 

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта upt-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта upt-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда. 

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;

3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) upt-mangistau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басқарма басшысының м.а. «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «15» ақпандағы № 01-14/8 бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/documents/details/608682?lang=ru

 

Құжаттар:

Шарт

Бұйрық

Гранттар жоспары

Өтінім нысаны

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

 

Әдістемелік ұсынымдар