Бірыңғай грант операторы қысқа мерзімді гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдауды жариялайды

Жарияланған күні: 07.02.2024


Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Бірыңғай грант операторы жариялаған 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қатыса алады.

Конкурс қатысушылары төрт сала бойынша келесі басым бағыттар бойынша жобалар ұсына алады:

  • ҮЕҰ көшбасшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту;
  • жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру;
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
  • отбасылық құндылықтарды насихаттау және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру;
  • сындарлы диалогты қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды дамыту;
  • отбасы тәрбиесіндегі әке рөлін күшейту;
  • азаматтық бастамаларды қолдау;
  • сапалы медиа өнімдерін әзірлеу және контент жасаушыларға қолдау көрсету.

Жалпы 12 грант беріледі.

Оператор 15 жұмыс күні ішінде 8 ақпан мен 28 ақпан аралығында (Астана уақытымен) сағат 18:30-ға дейін өтінімдерді қабылдайды.

Конкурстық өтінімдер uvp.grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына, және пошта байланысы арқылы / қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинетте қабылданады.

Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.

Толық ақпаратты және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03