«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттарға Конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі | Грант түрі | Нысаналы индикатор |
1 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамыту | Маңғыстау облысының әкімдігі аймақтағы азаматтық қоғам институттарының атап айтқанда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін мемлекеттік басқару ісіне жұмылдыруға бағытталған нақты қолдау шараларын ұйымдастырып келеді.
Қазіргі таңда өңірде 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген, ал оның ішінде 120-ға жуық қоғамдық ұйым белсенді қызмет атқарады. 2023 жылы жергілікті мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды дамытуға ауқымды қаражат қарастырып, бірнеше әлеуметтік жобалар іске асырды. 2020 жылмен салыстырғанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобаларды қолдауға бөлінген қаражат көлемі 4,2 есе ұлғайды. Қазіргі таңда аймақтағы үкіметтік емес ұйымдарының қызметін салалық бағыттар бойынша жүйелендіру, қаржылай және қаржылай емес қолдау тетіктерін әртараптандыру, жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға қаржы тарту және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, өңіраралық қарым-қатынасты нығайту өзектілігі артып келеді. Сондай-ақ өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың және олардың жетекшілерінің кәсіби құзыретін арттыру үшін еліміздегі ірі қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибелері мен оң кейстері жөнінде ақпараттану және тәжірибе алмасу қажеттілігі бар. Аймақтағы қоғамдық ұйымдар үшін ірі мемлекеттік және мемлекеттік емес донорлар мен бизнес қауымдастықты тарту арқылы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігін таныстыру қажет. |
11 076 000,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының кемінде 20 үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне арналған ақысыз тағылымдама ұйымдастыру арқылы олардың біліктілігін арттыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Жоба аясында өзге өңірлерде тағылымдамадан өтуге жолдама алу үшін арнайы ереже жасақталып, үздік 20 үкіметтік емес ұйым жетекшілерін анықтауға байқау ұйымдастырылады | ||||||
20 үкіметтік емес ұйым басшыларының біліктілігін арттыруға және серіктестік орнатуға бағытталған тағылымдама аясында тағылымдама қатысушылары кем дегенде төрт қалада (Алматы, Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында) 3 күн көлемінде сол өңірдің үздік 6 үкіметтік емес ұйымның озық жетістіктері мен 3 әлеуметтік кәсіпкерлік нысанымен танысады | ||||||
Тағылымдама аясында қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың қаржылай және қаржылай емес қолдау тетіктерін әртараптандыру, жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға қаржы тарту және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ірі қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибелерімен танысу сияқты тақырыптарды қамтитын тағылымдама бағдарламасын әзірлейді | ||||||
Тағылымда аясында 4 қалада өңіраралық қарым-қатынасты нығайтуға арналған бірлескен тимбилдинг ұйымдастырылып, тағылымдама қатысушылары кемінде әр өңірде төрт серіктестікке қол жеткізеді | ||||||
Тағылымдаманың барлық сатысында толыққанды арнайы біріңғай дизайндағы әлеуметтік желілерді жүргізу арқылы ақпараттық сүйемелдеу | ||||||
2 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында азаматтардың белсенділігі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту халықтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық құқықтық санасының деңгейін арттыруды талап етеді. Бұл үшін бірінші кезекте үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалана отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін жергілікті өзін-өзі басқару негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу қажет. Сонымен қатар, өңірдің шалғай ауылдарында жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері мен қағидаттарының жүзеге асырылуына және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің шешім қабылдау процессіне қатысуын белсендендіру қажет. Сондай ақ, жергілікті қоғамдастықтардың азаматтық бастамалары мен ұсыныстарын конструктивті ұсыну әдістерін үйрету және бастамалын қолдау қажет. | 11 076 000,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері мен қағидаттарының жүзеге асырылуына және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің шешім қабылдау процессіне Маңғыстау облысының кемінде 15 ауылының қатысуын қамтамасыз ету |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Өңірдің Жаңаөзен қаласы мен 5 ауданында (кемінде 15 ауыл) жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша кемінде 15 ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіледі | ||||||
Жергілікті қоғамдастықтардың белсенді мүшелерін тарта отырып кем дегенде 15 ауылда аталған тұрғылықты елді мекеннің өзекті проблемаларын шешу жолдарын талқылауға бағытталған фасилитациялық сессия форматындағы оқыту ұйымдастырылады | ||||||
Аймақтағы кемінде 15 ауылда жобалар байқауы өткізіліп, 15 шағын гранттар (әр грант 300 мың теңге көлемінде) қарастырылады | ||||||
Жастарға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін коғамдық бастамашылдықтың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған 1 қоғамдық іс шара ұйымдастырылады | ||||||
Аймақтағы 15 ауылдық бастаманы насихаттауға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқарудағы өңірлік тәжірибелер көрмесі ұйымдастырылады | ||||||
3 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Аймақтағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту | Маңғыстау облысындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту – аймақтың даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 50-ден астам этнос пен этникалық топ өкілдері тұрады, аймақта 25 этномәдени бірлестік тіркелген. Оның ішінде 18 қоғамдық бірлестік аккредиттеуден өткен. Оның ішінде 10-ға жуық этно-мәдени бірлестік қоғамдық-мәдени жобаларды іске асыруда белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда аймақтағы этнос пен этникалық топтардың ұлттық мәдениетін насихаттау және олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсету, қазақтың ұлттық мәдениетін таныстыру арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі артып келеді. |
10 845 920,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының кемінде 10 этномәдени бірлестіктің жобаларын жүзеге асыру арқылы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Аймақтағы кемінде 10 белсенді этномәдени бірлестіктің жобаларын жүзеге асыруға қаржылық қолдау көрсетіледі (әр этномәдени бірлестікке қолдау көлемі 500 000 теңгеден артық емес) | ||||||
Аймақтағы қоғамдық келісім бағытындағы оң кейстер мен жағымды жаңалықтарды, этнос өкілдерінің қайырымды істерін насихаттау бойынша 3 видеоролик дайындалады | ||||||
Этномәдени бірлестіктердің ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық ерекшеліктерімен кемінде 1000 жастар мен жасөпірім танысады | ||||||
Этномәдени бірлестіктердің кемінде 300 өкілінің қатысуымен кемінде 5 қазақ ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырылады | ||||||
4 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру | Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмысқа азаматтық қоғам институттарын тарту міндеті жүктелген.
Қазіргі таңда азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, заң үстемдігі мен тәртіп идеясын ілгерілету, адалдық пен ашықтық қағидатын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның барлық тобын жұмылдыру сұранысы өзекті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда азаматтық қоғам өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын тарту қажет. Сондай-ақ заманауи медиа технологияларды пайдалану арқылы медиа өнімдерді әзірлеу және таратуды ұйымдастыру қажет. Аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда фасилитациялық сессиялар, «канвассинг» форматындағы кездесулер, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттауға бағытталған қоғамдық-мәдени, зияткерлік іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру қажет. |
10 500 000,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарына тікелей 500-ге жуық тұрғынды жұмылдыру және 10 000-ға жуық адамды ақпараттандыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерге арналған 4 әлеуметтік эксперименттік ролигі және 2 аудиоролигі әзірленіп, әлеуметтік желілердегі 3 танымал парақшада және БАҚ арқылы таратылады | ||||||
Жоба аясында ұйымдастыралатын барлық іс-шараларға қатысушылардың қанағаттану деңгейі кері байланыс сауалнамалары негізінде кемінде 70% болуы тиіс | ||||||
Республикалық 2 сарапшы тарта отырып, кемінде 100 адамның қатысуымен үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша кемінде 2 оқыту шарасы өткізіледі | ||||||
Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жұртшылықтың хабардарлығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік сананы қалыптастыру шеңберінде азаматтар өмірінің түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын (қорқынышты фактілер) көрсетуге бағытталған кемінде 5 әлеуметтік көрме өткізу | ||||||
Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған кемінде 15 БАҚ өкілінің қатысуымен медиа байқау ұйымдастырылады | ||||||
Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу бойынша кемінде 3000 азаматты жанама қамту арқылы 2 қала, 5 ауданда (кемінде 20 елді мекенде) ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіледі және кемінде 500 дана үлестірмелі материалы әзірленіп, таратылады | ||||||
5 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Аймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру | Өңірде 50 БАҚ тіркелген, аталған ұйымдарда жалпы саны 2000-ға жуық маман қызмет атқарады. Бүгінде аймақ журналистерінің ақпаратты өңдеудің, талдаудың және таратудың заманауи форматтарын, құралдары мен әдістерін білу деңгейінің төмендігі, кәсіптің құқықтық және этикалық негіздерін жете түсінбеуі байқалады. Өңірде уәкілетті органдардың алдында 50-ге жуық мемлекеттік мекеменің баспасөз хатшыларының дағдарыстық коммуникациялар, әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс, БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр. Сонымен қатар, аймақтағы медиа мамандардың беделін және олардың өзара ынтымақтастығын арттыру, БАҚ өкілдеріне арналған ынталандыру тетіктерін қалыптастыру қажет. | 11 076 000,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында журналистік этика мен кәсібилікті дамыту мақсатында өңірлік БАҚ пен баспасөз саласының кемінде 100 белсенді қызметкерінің біліктілігін арттыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Өңірдегі медиа мамандардың өзара ынтымақтастығын арттыру және ынталандыру мақсатында БАҚ және баспасөз өкілдеріне арналған кемінде 100 адамның қатысуымен 1 зияткерлік, 1 спорттық іс-шара ұйымдастырылады | ||||||
Кемінде 3 республикалық сарапшыны тарту арқылы аймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдеріне арналған кемінде 6 модульдік оқыту бағдарламасы (кризистік коммуникация, фактчекинг, ақпаратты сапалы жазу, өңдеу және талдау, жеке бренд қалыптастыру, заманауи медиа технологиялар мүмкіндігі, медиасауаттылық және т.с.с бағыттар) (әр модуль кемінде 2 күннен тұрады) іске асады | ||||||
Өңірлік БАҚ қызметкерлері арасында үздік журналистік зерттеулер байқауы ұйымдастырылады | ||||||
6 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру | Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады. Маңғыстау облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 231 137 жас бар. Өңірде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер жастардың патриоттық деңгейінің артқанын көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы үш жылда әлеуметтік сауалнамаға қатысқан жастар «патриотизм – өз еліне деген сүйіспеншілік, құрмет және мақтаныш» деп көрсеткен. Қазақстандық патриотизмді алыптастыруда мемлекеттік рәміздердің рөлі айрықша. Мемлекет басшысының Мемлекеттік туды пайдаланудың негізгі тәртібін қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес пайдалану қағидаттарына өзгеріс енгізілгенімен, бүгінде азаматтардың арасында мемлекеттік рәміздерді қолдану аясының кеңейгені туралы толық түсінік қалыптаспағанын байқауға болады. Бүгінгі таңда азаматтардың мемлекеттік рәміздерді құрметтеуін қамтамасыз етуде, оларды пайдаланудың негізгі тәртібін түсіндіруде тың әдістерді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер күнінің мәртебесін көтеру, тарихи-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін түсіндіру бойынша кешенді үгіт-насихат жұмысы жүргізілуі қажет. | 10 957 114,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында патриотизмді қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кемінде 5 000 жасты қамту |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Азаматтардың арасында мемлекеттік рәміздерді, ел тарихы мен тұлғалардың өмірін насихаттауға бағытталған авто-теле шоу бағдарламасы (кемінде 5 шығарылым) әзірленеді және таратылады | ||||||
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ақтау қаласының көшелерінде мемлекеттік стандандартқа сәйкес 60 дана мемлекеттік тулар орналастырылады | ||||||
Өңірде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған кемінде 2 қоғамдық көлікті брендтеу | ||||||
Мемлекеттік рәміздер күнінің мәртебесін көтеруге арналған кемінде 1500 адамның қатысуымен ашық аспандағы қоғамдық-тарихи іс-шара ұйымдастыру | ||||||
7 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерд шешуге жәрдемдесу | Отбасылық құндылықтарды насихаттау және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру | Елімізде отбасылық саясатты жүргізу бағытындағы негізгі құжат – ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы болып табылады.
Еліміздегі отбасылық саясаттың кешенді зерттеу қорытындысы қоғамдағы ең өзекті мәселелер – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жастар арасында отбасын құруды жоспарлаудың болмауы және ата-ана болуға саналы түрде дайындалмауы, отбасы институттарының әлсіреуі екендігін көрсетіп отыр. Маңғыстау облысының Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес өткен жылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 899 хабарлама келіп түскен. Сондай-ақ аймақта өткен жылы 4967 азамат некеге тұрған, 531 ажырасу фактісі тіркелген. Аталған деректер аймақта отбасы институтын нығайтуға бағытталған жас ата-аналарға арналған тәжірибе алмасу және оқыту шаралары, кешенді ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Аталған тұжырымдаманың тағы бір негізгі бағыты – гендерлік саясатты қалыптастыру. Елімізде 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әйелдер партиялық тізімнен бөлек, Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат құрамының 30%-ын құрау жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутат-әйелдер үлесі – 27,4%, мәслихатта – 30,5%, ал өңірдегі әйелдер-депуттар үлесі 29% құрайды. Одан бөлек Маңғыстауда бизнес субьектілерінің 47%-да әйелдер басшылық жасайды. Жоғарыда көрсетілген деректер аймақта отбасылық және гендірлік саясатты іске асыруға бағытталған бірқатар ағартушылық, ақпараттық және білім беру бағытындағы кешенді іс-шараларды ұйымдастыру, әйелдер көшбасшылығын қолдау арқылы гендерлік теңдікті ынталандыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытындағы жұмысты жүйелендіру қажеттілігі бар екенін көрсетеді. |
10 999 122,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында отбасы саясатына оң пікір қалыптастыру және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға 1000-ға жуық адамды тарту |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Республикалық спикерлерді тарта отырып әйелдер көшбасшылығын қолдауға бағытталған кемінде 25 әйел көшбасшысына арналған 5 компоненттен (қаржылық сауаттылық, жобалық менеджмент, ораторлық шеберлік, коммуникация, жеке бренд қалыптастыру) тұратын білім беру бағдарламасы іске асырылады | ||||||
Ата-ананың жағымды бейнесін дәріптеуге бағытталған дәстүрлі отбасы құндылығын насихаттаудағы республикалық деңгейдегі білікті мамандардың қатысуымен 50-ге жуық жас ата-аналарға арналған 2 мастер-класс өткізіледі | ||||||
Кәсіби актерлердің қатысуымен отбасының жағымды бейнесін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған 3 бейнеролик әзірленеді және әлеуметтік желілердегі кемінде 5 танымал парақшада және БАҚ-та таратылады | ||||||
8 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Сындарлы диалог қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды дамыту | «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі – азаматтармен және тұрғындардың жекелеген топтарының (жастардың, кәсіпкерлердің, жұмыссыздардың, әлеуметтік қорғалмаған санаттағы азаматтардың т.б) ұжымдық мүддесін білдіретін азаматтық қоғам институттарымен кері байланыстың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда тұрғындармен қатынас арналарын құру үшін түрлі деңгейдегі тұрақты сұхбат алаңдарының жұмысы ұйымдастырылды, мемлекеттік органдардың тұрғындармен әлеуметтік желілердегі байланыс арналары жандандырылды. Дегенмен, қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган, бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара пікір алмасып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін алаңдарды ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Өңірде азаматтардың және азаматтық қоғам институттарының сыни ойлау және сындарлы диалог құру мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артып келеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерін түсіндіруге, қоғамның барлық тобын біріктіруге, аймақтағы қоғамдық пікір көшбасшылары мен әртүрлі сала сарапшыларын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, қоғамдық сенім орнатуға септігін тигізуі қажет. |
10 596 212,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында азаматтық қоғам институттарымен кері байланыстың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында кемінде 15 тақырыпты қамтитын пікірталас алаңын ұйымдастыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Өңірдің өзекті мәселерін ашық пікірталасқа шығарып, тиісті сала мамандарының және кемінде 3 республикалық сарапшының қатысуымен шешу жолдарын талқылайтын арнайы пікірталас алаңы құрылады | ||||||
Пікірталас алаңының тұрақты орны безендіріліп, кемінде өзекті 15 тақырыпта (3 әлеуметтік, 3 экономикалық, 3 саяси, 3 қоғамдық, 3 ұлттық) пікірталас ұйымдастырылады | ||||||
Пікірталас алаңының кемінде 3 әлеуметтік желіде жаңа парақшасы іске қосылып, кемінде 20 000 қаралым қамтитын сапалы контент жоспары жүзеге асады | ||||||
Пікірталас алаңының республикалық деңгейде танымалдығын қамтамасыз ету мақсатында анонс, таргет және т.с.с. сияқты жаңа маркетинг тәсілдерін қолдану арқылы кешенді ілгерілету жұмыстары жүргізіледі | ||||||
Пікірталас алаңының бренд-бугы жасақталады және типографиялық өнімдері қамтамасыз етіледі (логотип, кувертка, баннер және т.б.) | ||||||
9 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерд шешуге жәрдемдесу | Отбасындағы тәрбие берудегі әке рөлін нығайту | ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі «Әкелер күні» деп белгіленді. Аталған атаулы дата қоғамдағы отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін көтеру, балалардың бойында патриоттық сезімді оятып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін нығайту әселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталып отыр.
Еліміздегі әлеуметтік сауалнамалардың қорытындылары әкенің балаларымен өзара қарым-қатынасқа қатысуының айтарлықтай төмен деңгейін көрсетіп отыр. Мәселен, “Отбасылық-демографиялық саясат” (2021 жылғы) зерттеуінің деректері бойынша көбінесе ана балаларымен бірге уақыт өткізеді, тәрбиемен айналысады және серуендейді (38,15%) не әкесі мен анасы бірге қатысады (40,2%), әкесі баласымен өз бетінше аз қарым-қатынас жасайды (2,1%). Сонымен қатар әкелердің тәрбие беру процесіне жеткілікті қатыспауы балаға әкенің көңіл бөлмеуі мен демалыс күндерін бірге өткізбеуінен байқалады. Әлеуметтік зерттеуге сәйкес, бүгінде ата-аналардың 45,5%-ы ғана күн сайын балаларымен уақыт өткізеді. Жоғарыда көрсетілген деректер отбасындағы баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда әкенің рөлін насихаттауға бағытталған әкелер мектебінің қызметін жүйелендіру, бала мен әке арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, үлгілі әкелердің қоғамдық мәртебесін арттыру, жас әкелерге қатысты «саналы әке» дағдыларын қалыптастыру бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастырудың өзектілігі артқанын көрсетіп отыр. |
10 291 220,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында әкелер институтын қалыптастыру мақсатында кемінде 15 қоғамдық-әлеуметтік іс-шара ұйымдастыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Аймақта кемінде 30 әкенің қатысуымен үлгілі әкелерге арналған ынталандыру шарасы ұйымдастырылады | ||||||
Аймақта барлық елді-мекенде (5 аудан және 2 қала) бала мен әке арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған әлеуметтік жалпыхалықтық кемінде 20 науқан ұйымдастырылады | ||||||
Еліміздегі әкелер күніне орай отбасындағы әке рөлін нығайтуға бағытталған кемінде 50 адамның қатысуымен фотобайқау ұйымдастырылады | ||||||
Аймақта кемінде 15 азаматтан тұратын әкелер қауымдастығы құрылады және аталған қауымдастықтың кемінде 7 елді-мекенде 1 әкелер конгрессі ұйымдастырылады | ||||||
Өңірдің әкелері үшін республикалық деңгейдегі кемінде үш сарапшының қатысуымен кемінде 100 адамға 3 оқыту іс-шарасы ұйымдастырылатын болады | ||||||
10 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Азаматтық бастамаларды қолдау | Өңірде ресми тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдардан бөлек, бейресми бастамашыл топтар белсенді қызмет атқарып келеді. Оның ішінде ауылдық елді-мекен азаматтарынан құралған бастамашыл топтардың белсенділігі мен әлеуметтік бастамаларын атап өтуге болады. Өңірдегі белсенді азаматтар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың шағын гранттары есебінен әлеуметтік, урбанистикалық және инфрақұрылымдық идеяларын іске асырып келеді.
Қазіргі таңда аталған азаматтардың бастамаларын қолдау арқылы олардың бойындағы әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті насихаттау қажет. Бұл азаматттардың мемлекет басқару ісіне және шешім қабылдау процестеріне белсенді тартуға, сындарлы әрі сапалы азаматтық қоғамды қалыптастыруға мүмкіндік береді. |
11 076 000,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында азаматтық белсенділікті ынталандыру үшін бастамашыл топтар мен белсенді азаматтардың облыста өмір сүру сапасы мен қоғамдық ортаны жақсартуға бағытталған кемінде 12 үздік әлеуметтік идеясын іске асыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Облыс көлемінде кемінде 25 азамат немесе бастамашыл топ қатысуымен әлеуметтік бастамалар байқауы өткізіледі. | ||||||
Өткізілген байқау нәтижесінде елді мекендерде әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 12 шағын грант (әр грант 500 000 теңге көлемінде) табысталады. | ||||||
Шағын гранттардың іске асырылуы мен нәтижесі туралы өңірлік БАҚ және танымал әлеуметтік парақшалар арқылы таратылым ұйымдастырылады | ||||||
Аймақтағы кемінде 12 үздік әлеуметтік жобалардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады | ||||||
11 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру | Елімізде жүзеге асқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Мемлекет басшысы аталған жобаның тиімділігін жоғары бағалап, Үкіметке жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын.
2020 жылы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының ең өзекті мәселесі – қаржылық, құқықтық сауаттылықтың төмендігінің салдарынан қаржы пирамидалары мен микроқаржылық ұйымдардың арбауына түсу, қаржылық құмарлыққа тартатын лудомания ауруына шалдығу фактілері көбейіп келеді. Аталған мәселелердің салдарынан азаматтар арасында өзіне-өзі қол жұмсау, ажырасу мен зорлық-зомбылық, тәртіпсіздік және құқықбұзушылық әрекеттердің жиілеуі байқалады. Аталған деректерді ескере отырып, аймақтағы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтармен адресттік жұмыс жүргізу, азаматтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді ағартушылық, ақпараттық және консультативтік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. |
10 558 412,0 | 1
Қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысы көлемінде азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тікелей 1000-ға жуық адамға ақпараттық кеңес беру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Ауылдық елді мекендерде несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі кемінде 100 адамға қаржы мамандары мен заңгерлерді тарта отырып 15 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. | ||||||
Өңірдегі кемінде 500 әлеуметтік осал топтағы азаматтарға (көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік осал топтағы жандар, NEET санатығы жастар, есту қабілеті төмен және зағип жандар және т.б) арналған республикалық деңгейдегі кем дегенде 3 сарапшының қатысумен 6 кездесу өткізіледі | ||||||
Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған кемінде 3 әлеуметтік желіде арнайы парақша ашу және сапалы контент (кәсіби актерлердің қатысуымен кемінде 12 тақырыпты қамтитын қысқа бейнероликтер, кемінде 24 постер, 10 инфографика, 50 ақпараттық жазба) ұсынылады | ||||||
12 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдау | Еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қорытындысы азаматтардың ақпарат алу көзі – интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер екенін көрсетіп отыр.
Заманауи медиа технологиялардың дамуы пайдаланушылардың талабын күшейтіп, сапалы контентті тұтынуға сұраныс артып келеді. Қазіргі таңда азаматтарды толғандыратын әлеуметтік мәселелер бойынша медиа өнімдерді әзірлеу арқылы қоғамның назарын аударту, медиа технологиялар арқылы сапалы контент ұсыну қажеттілігі бар. Кәсіби контент жасаушылардың біліктілігін арттыру арқылы медиа өнімдерді әзірлеп, әлеуметтік желілерде, қоғамдық орындар мен интернет ресурстарында ілгерілету жұмысын сапалы ұйымдастыру қажет. Әлеуметтік бейнероликтер арқылы азаматтарға қатысты әртүрлі мәселелерді кейіпкерлер арқылы жеткізіп, себебі мен салдарын көрсету қажет. |
10 000 000,0 | 1 Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында 15 000-ға жуық қаралым жинайтын 15 әлеуметтік тақырыпта бейнеролик әзірлеу және кемінде 25 контент жасаушының біліктілігін арттыру |
Күтілетін нәтиже: | ||||||
Қоғамдағы өзекті әлеуметтік бағыттар бойынша кәсіби актерлердің қатысуымен сапалы 15 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде (кем дегенде 3 әлеуметтік желідегі танымал парақшалар арқылы) қарқынды таралым (таргет) ұйымдастырылады | ||||||
Аймақтағы медиа мамандардың бейнероликтер түсіру, монтаждау және тарату бойынша 25 маманның қатысуымен кемінде 2 оқыту шарасы ұйымдастырылады | ||||||
Жалпы жиынтық | 129 052 000,0 |
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы;
12) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «8» АҚПАН МЕН «28» АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта uvp.grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp.grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79-08-72, 79-04-31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79-08-04, 79-08-03, 79-04-30;
3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79-08-28;
4) uvp.grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «01» ақпандағы №02-03/18 бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/documents/details/603156?lang=kk
Құжаттар: