Тапсырыс берушілерге

Орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу миссиясымен жергілікті және шетелдік донорлық ұйымдарды, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыратын бизнес секторының өкілдерін ынтымақтастыққа шақырамыз!

Мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы көпір бола отырып, Орталық Қазақстан бойынша 16 түрлі әлеуметтік маңызы бар салаларда үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды әкімшілендіру және кешенді сүйемелдеу бойынша операторлық қызметтер көрсетуге дайын.

Гранттарды Орталықтың операторлығына берудің артықшылықтары

1. Гранттарды сапалы жоспарлау үшін талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу

Орталық нысаналы бенефициарлардың қажеттілігін, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, гранттық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша үздік тәжірибелерді бағалауды талдау жүргізу негізінде ҮЕҰ гранттарын беру тетіктерін, оның ішінде гранттық қаражатты тиімді жоспарлау бөлігінде жетілдіру бойынша өзекті ұсынымдар әзірлейді.

Сонымен қатар, жеке донормен ынтымақтастық орнатылған жағдайда Орталық донордың қажеттіліктерін, құндылықтарын, стратегиялық және беделді мақсаттарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге кешенді және инновациялық тәсілді қамтамасыз етуге әзір.

2. Гранттарды қолдау мен іске асырудың сервистік тәсілі

Орталықтың сервистік тәсілі Тапсырыс берушінің гранттық конкурсын кеңінен жария етуден, үкіметтік емес ұйымдарға өтінім беру бойынша консультациялық қызметтер ұсынудан, есептілікті дайындау бойынша консультацияларды, жобаларды ақпараттық жария етуде қолдау көрсетуден, жобалардың тұрақтылығы мен ауқымын қамтамасыз ету үшін бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстарды тартуды қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде толық сүйемелдеуден тұрады.

 

3. Гранттарды беру және іске асыру кезіндегі транспаренттілік, есептілік

Мемлекеттік гранттарды бөлудің транспаренттілігі мен тәуелсіздігі мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ашық конкурстық рәсімдерді өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Өтінімдерді бағалау тәуелсіз сарапшылар арқылы жүзеге асырылады, ал гранттарды беру туралы шешім белгіленген тәртіппен құрылған конкурстық комиссиямен қабылданады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында рәсімдердің жариялылығы сақталады, оның ішінде конкурс нәтижелері Орталықтың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Жобаларды іске асыру барысында Орталық көрсеткіштердің орындалуына және қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша Тапсырыс берушіге шоғырландырылған бағдарламалық және қаржылық есептер ұсынылады. Әлеуметтік жобалар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық негізгі жобалық және есептік материалдарды жариялайды, сондай-ақ гранттарды іске асыру барысы мен нәтижелері бойынша жария презентациялар өткізеді.

 

4. Гранттарды іске асыру мониторингі

Жоспарланған мақсаттардан, міндеттерден, күтілетін нәтижелер мен мерзімдерден ауытқуларды уақтылы анықтау арқылы гранттық жобаларды іске асыру сапасын жақсарту мақсатында Орталық тұрақты негізде жобаларды іске асырудың кешенді мониторингін жүргізеді.

Мониторинг қоғамдық мониторинг пен сарапшыларды тарту мүмкіндігімен камералдық және көшпелі мониторинг жүргізу арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

 

5. Грантты іске асыруды PR-және GR-сүйемелдеу

Орталық мемлекеттік органдармен, халықаралық және жергілікті донорлық қоғамдастық өкілдерімен, БАҚ-пен, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі белсенді ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс істейді. Гранттар шеңберінде әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделі тараптардың ресурстарын тарту үшін Орталық бизнес, мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар арасында байланыс орнатуға ықпал етеді. Бұл ретте, Орталық жергілікті және республикалық БАҚ-та гранттық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты ілгерілету бойынша белсенді ақпараттық науқан жүргізеді.

 


Ынтымақтастық схемасы

мемлекеттік органдар үшін (орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар):

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік гранттарды Оператор Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар» туралы Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар шеңберінде мемлекеттік бюджет (республикалық және/немесе жергілікті бюджет) қаражаты есебінен, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдар Оператормен жасасатын ҮЕҰ мемлекеттік гранттар беру үшін қаражат аудару туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

жеке донорлар үшін:

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңының 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік емес гранттар бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен беріледі. Мемлекеттік емес гранттар мен есептілікті беруге қойылатын талаптар Оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттың талаптарымен айқындалады. Сонымен қатар, грантты іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық Тапсырыс берушілердің жеке сұраныстары мен талаптарына бейімделетін стандартты схемаға сәйкес келеді.