Жарияланған күні: 11.12.2025
2025 жылы жүзеге асқан гранттық жобалардың қорытынды нәтижелерін талқылау аясында ұйымдастырылған жиында еліміздің түрлі өңірлерінде іске асырылған 102 гранттық жоба бойынша есептер тыңдалды. Аталған жобалар 18 мемлекеттік тапсырыс берушінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында грант алушылардың жобалық қызметінің нәтижелері жан-жақты қарастырылып, жобалардың мақсатты индикаторларға қол жеткізу деңгейі, әлеуметтік әсері және нақты қол жеткізілген нәтижелері қарастырылды. Сондай-ақ жобаларды іске асыру процесінде жинақталған тәжірибе негізінде тиімді практикалар айқындалып, алдағы кезеңге арналған ұсыныстар мен даму бағыттары ұсынылды.
Кездесу жобалардың ашықтығын, есептілігін және нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік гранттар тетігінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Жобалардың нәтижелерін келесі сілтеме арқылы көре аласыз:
https://www.facebook.com/share/16mF41HpyF/?mibextid=wwXIfr