Мемлекеттік гранттар бойынша негізгі нәтижелер

Жарияланған күні: 10.08.2026



Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы 72 мемлекеттік грант беріліп, 91 гранттық жоба жүзеге асырылуда.
Есепті кезеңде 23 гранттық конкурс жарияланды. Конкурстар қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттарды қаржыландырудың жалпы көлемі 926,2 млн теңгені құрады.
Қаржыландырудың негізгі бөлігі жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстарына тиесілі. Атап айтқанда, 69 грантқа 856,2 млн теңге, ал Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 3 грантқа 69,9 млн теңге бағытталды. Осылайша, жалпы қаржыландыру көлемінің 92%-ы жергілікті атқарушы органдардың гранттарына тиесілі.
Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта Мәдениет және ақпарат министрлігінің 19 өтпелі жобасы іске асырылды. Оларды қаржыландыру көлемі 684,8 млн теңгені құрады.
Көрсеткіштер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша берілген.