Мемлекет саясатын, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын ілгерілету аясында, сыбайлас жемқорлықты азайту және оның алдын алу саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мен нығайту ниетін білдіре отырып, 2019 жылғы 25 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын азайту және олардың алдын алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
1424 – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы