Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Жарияланған күні: 22.03.2026


Құрметті достар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз — жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл күн табиғатпен бірге адамзаттың да жаңарып, ізгі ниеттер мен жарқын бастамаларға жол ашатын ерекше сәті.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, татулық пен ынтымақтастықты нығайтатын осы мереке әр шаңыраққа қуаныш, амандық және молшылық әкелсін.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қоғамдағы белсенділік пен игі бастамаларды дамыту жолында еңбек етіп келе жатқан барша азаматтарға алғыс білдіреді. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!