Жарияланған күні: 20.03.2026
Бүгін Астанада мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Елдар Сапаров әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік гранттардың бағыттарын қалыптастыру және оларды беру рәсімдеріне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сонымен қатар, XII Азаматтық форум қорытындылары бойынша жоспарды іске асыру, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметі және әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша өңірлік кеңестердің жұмысын өзектендіру және өңірлік ерекшеліктер мен басым міндеттерді ескере отырып, гранттық қаржыландыру тетіктерін тиімді пайдалану жөнінде әкімдіктерге ұсынымдар әзірленді.