БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ
Басқарма Төрағасы
_________________Е.Сапаров
«____» сәуір 2026 жыл
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 5 наурызда жариялаған «Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 5 ҮЕҰ-дан 5 өтінім келіп түсті, оның ішінде 4 өтінім мемлекеттік тілде және 1 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 01 сәуір күні сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
- өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
- өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
- үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
- үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
- үкіметтік емес ұйымныңбанкрот деп танылу/танылмауына;
- үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
- үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
- үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
- үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
- үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
- үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
- үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту |
қысқа мерзімді |
«Аяулы алақан» қоғамдық қоры
|
| “Қызық орда” шығармашылық тобы” қоғамдық қоры
|
||||
| «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
|
||||
| “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестіг
|
- төмендегі өтініш берушіге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (өтініш берушіге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
| 1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту | қысқа мерзімді | “Ақ Сұңқар” жастар қоғамдық бірлестігі
|
Өтінім мемлекеттік гранттардың бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |