БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ
Басқарма төрағасы
__________________ Сапаров Е.Қ.
«____» наурыз 2026 жыл
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы «16» ақпандағы «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 21 ҮЕҰ-нан 31 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім мемлекеттік тілде және 16 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 6 наурыз күні сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;
7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
| 1 |
Мәдениет пен өнерді дамыту |
Атырау облысында ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар үшін қолөнер мен көркем шығармашылық секцияларын ашу | қысқа мерзімді | «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі |
| «Basqary» қоғамдық қоры | ||||
| «Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Қазақия» қоғамдық қоры | ||||
| «Бала жолы» қоғамдық қоры | ||||
| 2 |
Мәдениет пен өнерді дамыту |
«Креативті кадр» Атырау облысының елдімекендерінің тыныс-тіршілігінен фото-байқау | қысқа мерзімді | «Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры |
| 3 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы | қысқа мерзімді | «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі |
| «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қоры | ||||
| «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Jetistik» қоғамдық қоры | ||||
| «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры | ||||
| «Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры | ||||
| 4 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Legacy» Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы туралы бейнероликтер циклі | қысқа мерзімді | Частный Фонд «Фонд развития человеческого капитала SOVET» |
| 5 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Жайық жырлайды» қазақ поэзиясының құндылығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешені | қысқа мерзімді | «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қоры |
| «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры | ||||
| 6 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «ТАНЫМ» ұлттық құндылықтарды, материалдық емес мәдени мұраны насихаттауға арналған байқау | қысқа мерзімді | «Әлем әйелдерінің достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі |
| 7 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Zero Waste» (Қалдықсыз) қолөнершілер көрме-байқауы | қысқа мерзімді | «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі |
| «Әлем әйелдерінің достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі | ||||
| «Инфо орталық» қоғамдық бірлестігінен | ||||
| 8 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасы | қысқа мерзімді | «Алтын тұғыр» қоғамдық қоры |
- Төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
| 1 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Атырау облысында ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар үшін қолөнер мен көркем шығармашылық секцияларын ашу | қысқа мерзімді | «Ерекше Ана-Ерекшем 16+» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Жаныңдамын!» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді | ||||
|
2 |
Мәдениет пен өнерді дамыту | «Креативті кадр» Атырау облысының елдімекендерінің тыныс-тіршілігінен фото-байқау | қысқа мерзімді | «Фонд развития человеческого капитала Sovet» жеке қоры
|
Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 3 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы | қысқа мерзімді | «Жаныңдамын!» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығы” коммерциялық емес мекемесі | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | ||||
| 4 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Жайық жырлайды» қазақ поэзиясының құндылығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешені | қысқа мерзімді | «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «Алтын тұғыр» қоғамдық қоры | Өтінім Қағида талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | ||||
| 5 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Zero Waste» (Қалдықсыз) қолөнершілер көрме-байқауы | қысқа мерзімді | «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
| 6 | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасы | қысқа мерзімді | «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |
| «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығы» коммерциялық емес мекемесі | Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді |