Қағидаларда көзделген талаптарға және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 27 маусымда жарияланған Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің 2023 жылға арналған қысқа мерзімді гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім түскенін хабарлайды. Олардың ішінде мемлекеттік тілде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім, орыс тілінде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім келіп түсті.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 19 шілдеде Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 01 тамызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 19  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды.

Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.

Өтінімдерді тексергеннен кейінгі Оператордың қабылдаған шешімі:

 Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат берілді:

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Срок реализации Ұйымның атауы
1 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Атырау қаласы тұрғындары арасында  Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту Қысқа мерзімді «ВТОРАЯ РЕСПУБЛИКА» ҚҚ

 

2) төмендегі өтініш берушіге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Срок реализации Ұйымның атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жас еріктілерді дамыту Қысқа мерзімді «Asu Umit» ҚҚ