Қағидаларда көзделген талаптарға және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі-Оператор) 2023 жылғы 23 мамырда жарияланған Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің 2023 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс нәтижелері бойынша бір ҮЕҰ-нан 1 өтінім түскенін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 12 маусымда Астана уақытымен 18:30-да аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және Атырау қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 19  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру 2023 жылдың 22 маусымда аяқталды.

Конкурстың талаптары мен шарттарына сәйкес тексерістен өткен өтінімдерді бағалау мақсатында конкурстық комиссия мүшелеріне  жолдау қажет.

Өтінімдерді тексергеннен кейінгі Оператордың қабылдаған шешімі:

 

 Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат берілді:

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Мерзімі Ұйымның атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Атырау қаласындағы NEET санатындағы жастарды азайту Қысқа мерзімді «Құлсары жастары» ҚБ