Жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты: Жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
1. Жастар арасында суицидтің алдын алуға бағытталған қызметті өңірлерде үйлестіру жөніндегі республикалық жобалық кеңсе құру, оның қызметкерлері Қазақстан өңірлерінде суицидтің алдын алу жөніндегі ағымдағы профилактикалық іс-шараларды сипаттайды, талдайды және бағалайды.
2. Қазақстан өңірлерінде жастар арасында суицид бойынша жүргізілген алдын алу іс-шараларының нәтижелерін бағалау. Жұмыс қорытындысы бойынша “ҚР өңірлерінде жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша алдын алу іс-шараларының сапасын бағалау атласы”шығарылады.
3. Қазақстан өңірлерінде суицидтің алдын алу бойынша одан арғы бағдарламаларды жасауға мүмкіндік беретін ұсынымдар беру. Жұмыс қорытындысы бойынша “ҚР өңірлерінде жастар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын”әзірлеу.
4. Республиканың білім беру ұйымдарының психологтары үшін жастардың “тәуекел тобына” кіруін талдау мақсатында жас адамның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатының индексін әзірлеу.
5. Республиканың 17 өңірінде 340 ата-ана мен қамқоршыны психологиялық көмек алу кедергілерін және жастарға психологиялық көмекке қатысты стигманы азайту үшін жастар арасында суицидтің алдын алуға үйрету (гейткиперлер).
6. Жергілікті деңгейде алынған білімді одан әрі тарату үшін суицидтің алдын алу бойынша Қазақстанның әрбір өңірінде облыстық деңгейдегі 34 жаттықтырушыны (17 қазақ тілінде және 17 орыс тілінде) оқыту.
7. Жобаның барысы туралы ақпаратты қазақстандық БАҚ-та 1 млн.адамды қамти отырып жариялау.
8. Жобаның нәтижелерін Тапсырыс берушіге және қоғамға таныстыру.