«Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы»
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау арқылы Қазақстан тәуелсіздігін танымал ету
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
1. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараларды өткізу.
2. Саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша жан-жақты зерттеу жұмыстарына тартылған кемінде 55 ғалым мен сарапшыны тарта отырып, тарихи құжаттар мен жиналған мәліметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. Қоғам қайраткерлерінің, сарапшылардың, жастардың қатысуымен және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің әртүрлі санаттарын оңалтудың өзекті мәселелері бойынша жас тарихшылар клубының кемінде 10 пікірталас алаңын ұйымдастыру. (Тапсырыс берушімен келісу бойынша);
4. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің әртүрлі санаттарын оңалтудың өзекті мәселелері жөніндегі сарапшылардың қатысуымен өңірлерде кемінде 17 диалог алаңдарын ұйымдастыру. (Тапсырыс берушімен келісу бойынша);
5. Білікті сарапшылардың қорытындыларына сәйкес берілген ақпарат бойынша баяндамалар жинағы.