Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты:
Бас бостандықтан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметке қосу жүйесін қалыптастыру және дамыту. Сотталған адамдарды әлеуметтік қоғамға қайтаруға дайындау, жазасын өтеп жатқан және бас бостандықтан айыру орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу. Әлеуметтік қызмет көрсету органдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалтудың нысандары мен әдістерін жетілдіру.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
Жоғарыда айтылған мақстақа қол жеткізу үшін, келесі міндеттер қойылып отыр.
- Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарға заңды психологиялық консультациялар ұйымдастыру;
- Жұмысқа орналасуға әлеуметтік қолдау көрсету;
- Тұрғын үй алу мәселелері бойынша консультациялар беру.
Instagram: https://instagram.com/onaltu.beiimdeu?utm_medium=copy_link
Facebook: https://www.facebook.com/OnaltuBeiimdeu-106928998393857
Сайт: https://aqnews.kz/