«Қазақстанның кәсіби және сараптамалық қоғамдастықтарының қарым-қатынасын дамыту» грантын жүзеге асыру қорытындысы
«Қазақстанның кәсіби және сараптамалық қоғамдастықтарының қарым-қатынасын дамыту»
Грант алушы: «Саясаттанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігі
Грант сомасы: 30 000 000 теңге
Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2017 жыл
«Саясаттанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігі «Талқылау платформаларын дамыту және Қазақстанның саясаттану қоғамдастығының кәсіби қызметін қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: «Философия-саясаттану тұрғысынан Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы, «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Нәтижелер мен перспективалар» тақырыбындағы Астана саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы, «Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар конгрессі, «Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті: соғыстар мен қақтығыстарды жою» және «Ұлт жоспары: ең күшті 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы 100 нақты қадам» атты екі монография әзірлеу және басып шығару, екі монография әзірлеу аясында сараптамалық кездесу.
1. «Философия-саясаттану тұрғысынан Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы
2016 жылдың 29-30 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Философия-саясаттану тұрғысынан Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы және «Әлемдік философиялық ой кеңістігіндегі Қазақстан философиясы» атты екінші қазақстандық философия конгрессі өтті. Форум барысында Қазақстанның тәуелсіз даму нәтижелерінің философия-саясаттану өлшемдері талқыланды. Қолданбалы әлеуметтік-философиялық, мәдениеттану, саясаттану және дінтану зерттеулері бойынша пікірлер және нәтижелермен алмасу жүргізілді.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері, республиканың әрі қарай даму бағыттары, тарихи тамырлары және «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеяның рухани мазмұны философия-саясаттану ойларының маңызды тақырыбына айналды. Форум спикерлері мен қатысушылары арасында философия және саясаттану ілімінің түрлі салаларының өкілдері болып табылатын жақын және шетел елдерінен келген танымал ғалымдар болды.
2. «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Нәтижелер мен перспективалар» тақырыбындағы Астана саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы
2016 жылдың 20 қазанында Астана қаласында «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Нәтижелер мен перспективалар» тақырыбындағы Астана саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумы өтті.
Форум жұмысына Қазақстанның танымал саясаттанушылар мен әлеуметтанушылары, Германия, Қытай, АҚШ-тан келген ғалымдар мен сарапшылар (Яо Пейшэн – ҚХР СІМ-нің бұрынғы елшісі; Кайзер Маркус – Қазақстан-Германия университетінің президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы; Шоберлайн Джон – Еуразия аймақтық зерттеулер жөніндегі директор және Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ілімдер мектебінің профессоры), академиялық орта, мемлекеттік органдар, Қазақстанның азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Форум барысында Қазақстан дамуының аралық кезеңіне толық талдау жасалды, қол жеткен нәтижелер бағаланды, перспективті бағыттар айқындалды.
Саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар фундаменталды ғылыми зерттеулер және елдің дамуына практикалық сараптамалық талдау жүргізуді жандандыру қажеттілігі туралы пікір білдірді. Қазақстанның мемлекеттік органдарына нақты ұсынымдар әзірленді.
3. «Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар конгрессі
«Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» тақырыбындағы Халықаралық саясаттанушылар конгрессін (Астана қаласы, 21 қазан 2016 жыл) ұйымдастыру және өткізу үшінші іс-шара болды.
Конгресс жұмысына Қытай, Ресей мен Германиядан келген ғалымдар мен сарапшылар (Яо Пейшэн – ҚХР СІМ-нің бұрынғы елшісі, М.А. Лихачёв – Ресей стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, Кайзер Маркус – Қазақстан-Германия университетінің президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы), ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҮЕҰ, жетекші отандық саясаттанушылар, ғылыми-талдау орталықтарының мамандары, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты.
Конгресс жұмысы барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде сипатталған бастамалар мен ұсыныстар бойынша аса нәтижелі талқылау болды.
4. «Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті: соғыстар мен қақтығыстарды жою» және «Ұлт жоспары: ең күшті 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы 100 нақты қадам» атты монографияларды басып шығару
Монографияларды әзірлеу аясында сараптамалық кездесу өткізілді, оның барысында монографияларды әрі қарай әзірлеу жұмысы бойынша қатысушылардың ұсынымдары әзірленіп қабылданды және монографияларда пайдаланылды. Әрбір монография тиражы 500 дананы құрады.
Жоба нәтижелері:
– әзірленген ұсынымдар бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік органдарға, атап айтқанда ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратына, ҚР Сыртқы істер министрлігіне жіберлді
– халықаралық деңгейде диалог алаңдарын ұйымдастыру есебінен философтар мен саясаттанушылар және мемлекеттік органдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар арасында диалог қалыптасты.