«Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау» грантын жүзеге асыру қорытындысы

Ұйым
Тапсырыс беруші ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Аймақ
-
Іске асыру мерзімі 2017
Грант сомасы
Әкімшілік
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстар
Тікелей шығындар

Грант алушы: «Қазақстан жастарының конгрессі» ЗТБ

Грант тақырыбы: «Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау»

Грант сомасы: 15 000 000 теңге.

Қазақстан жастарының конгрессі «Қазақстан – бұл мен» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау» тақырыбы бойынша грант иегері атанды. 15 000 000 теңге сомалық грант келесі іс-шараларды қамтиды: балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді зерделеу бойынша зерттеулер жүргізу және жастарды бейімдеу стратегияларын қалыптастыру; балаларға арналған «111» сенім телефонының қызметін ашу және насихаттау; Қазақстанның 5 аймағында «Жастар трибунасы» диалог алаңдарын өткізу; Астана және Алматы қалаларында «Жастар промоутері» бағытын жүзеге асыру. Жоба 2016 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін жүзеге асырылды. Сіздерге әлеуметтік жоба қорытындысын ұсынамыз.

Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді зерделеу бойынша зерттеулер жүргізу және жастарды бейімдеу стратегияларын қалыптастыру

Зерттеу балалар мен жастардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру бойынша қоғамдық институттардың ұмтылыстарын біріктіру мақсатында жүргізілді. Жүргізілген социологиялық зерттеу барысында қоғамдық көзқарас пен осы мәселенің маңыздылығы айқындалды. Осы мақсатпен 1500 жауап беруші мен 150 сарапшыға сауал қойылды.

Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы зерттеулер көрсеткендей, жастардың көпшілігі өз құқықтары туралы ақпаратты ғаламтор кеңістігінен алады. Ал газеттер мен журналдар өскелең ұрпақ арасында үлкен қызығушылық тудырмайды. Зерттеу осы саладағы құқық бұзушылықтар мәселелерінің шешімдерін әрі қарай зерделеу және жақсартуға мүмкіндік береді.

Балаларға арналған «111» сенім телефонының қызметін ашу және насихаттау

Тұрақты негізде жұмыс жасайтын телефонды ашу балалар мен жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі институттардың қызметіндегі қоғамдық қажеттілік нәтижесіне айналды. Сенім телефонының негізінде мүдделі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық институттар жұмысы біріктірілді. Бұл сенім телефоны Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі З.Я.Балиева мен БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» балалар қорының өкілдігінің қолдауымен ашылды.

«111» қызметінің жұмысы барысында 29 000 қоңырау қабылданды. Әрбір бала телефон соғып, психологтардың кеңесіне жүгініп, өзінің және жанұядағы проблемалары туралы әңгімелей алады. Бұл жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің гранттық қолдауымен 2017 жылы да жалғасатын болады.

Қазақстанның 5 аймағында «Жастар трибунасы» диалог алаңдарын өткізу

Қазақстанның 5 облысында «Жастар трибунасы» талқылау алаңдары өткізілді. Мемлекеттік органдардың өкілдері мен жастар алғаш рет ашық алаңда кездесіп, жалпы қоғамның ғана емес, жастардың да өзекті мәселелерін талқылады. «Жастар трибунасы» қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

Тұрақты негізде жұмыс жасайтын «Жастар трибунасы» алаңының форматы Қазақстан жастарының конгрессі келешекте дамытуға мүдделі инновациялық диалог алаңы болып табылады. Пікірталас технологияларын біріктіру және жастардың белсенді жасампаз ұстанымын таныту жобаның ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар іс-шара көп шығынды қажет етпейді және қаржыландырусыз өткізіле алады.

Астана және Алматы қалаларында «Жастар промоутері» бағытын жүзеге асыру

Жастарға арналған қол жетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты жеткізу осы бағыттың мақсаты болып табылады. Жастар ұйымдары, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті және «Жастар ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС ақпараттық брошюра жасауға сараптамалық қолдау көрсетті. «Жастар промоутерін» тарату үшін жасалған «Жастар промоутері» брошюрасы жергілікті атқарушы органдар арасында үлкен қызығушылық тудырды, мысалы: Батыс Қазақстан облысының Жастар ісі мәселелері жөніндегі басқармасы жастардың көптеп жиналатын орындарында тарату үшін 500-1000 дана тиражын қамтамасыз етуге дайын. Тапсырыс беруші келіскен жағдайда бұл құрал жұмыс жүргізу үшін басқа аймақтарға да беріледі.

«Қазақстан – бұл мен» атты ақпарат науқаны

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – бұл мен» атты ақпарат науқанын өткізу әлеуметтік желілерде ең кемі 10000 адамды қамтыды және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында елдегі барлық аймақ өкілдерінің белсенділігі байқалды.

Жобаның көпшілік таныстырылымы

Публичные презентации отсутствуют

Қосымша материалдар

Қосымша материалдар

Байланыс

Мекен жайы
Байланыс телефоны