Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша 2022 жылғы 1 маусым күні жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 13 ҮЕҰ-дан 13 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 11 ҮЕҰ-дан 11 өтінім, орыс тілінде – 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім түскенін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 28 маусым Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.
Ағымдағы жылғы 4 шілде күні өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;
3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.
Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.
Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;
2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын:
- Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:
№ р/н | № тақы
рып |
Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
Ереженің 28-тармағы (Өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі) | |||||
1. | 3 | Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру | Украинское этнокультурное объединение имени Т.Г. Шевченко | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 12 ҮЕҰ-дан 12 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 10 ҮЕҰ-дан 10 өтінім жіберіледі:
пп № | № темы | Тақырып атауы | Өтінімдер саны |
1 | 1 | Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында студенттік өзін-өзі қалыптастыру жүйесін дамыту | 2 |
2 | 2 | Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар
|
3 |
3 | 3 | Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру | 1 |
4 | 4 | “Маңғыстау жастары” Жастар интернет телеарнасының қызметін ұйымдастыру және www.mangystauzhastary.kz интернет порталын ақпараттық сүйемелдеу
|
2 |
5 | 5 | Жұмысшы жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру | 2 |
6 | 6 | Жастар ұйымдарының көшбасшылары үшін ТМД елдеріне тағылымдамалар | 2 |
Жобаларды басқару
департаментінің директоры Е.Рашидов