Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2022 жылғы Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы юойынша 2022 жылғы 1 маусым күні жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 1 ҮЕҰ-дан  1 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім түскенін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 28 маусым Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.

Ағымдағы жылғы 4 шілдесінде өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:

1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;

2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;

3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;

4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.

Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.

Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;

2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;

3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.

 

Барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім жіберіледі:

пп № темы Тақырып атауы Өтінімдер саны
1 1 «Жеті түс» жобасын жүзеге асыру

арқылы бейнелеу өнерін дамыту

1

 

Жобаларды басқару

департаментінің директоры                                                                       Е.Рашидов