“EcoBatys 2.0″жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталуы

Ұйымдастырушы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы
Басталуы 09.03.2023 18:30
Аяқталуы 09.03.2023 18:30
Өткізу орны Астана қаласы, Қабанбай батыр д, 11/5

Байланыс

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

«EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде ҮЕҰ үшін мемлекеттік емес гранттар беруге арналған қайта конкурс

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

  1. Конкурс жөнінде

«Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы филиалының тапсырысы бойынша Оператор қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тұрақты бастамаларды іске асыру арқылы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиясын ілгерілетуге үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) мен азаматтық қоғамды тарту мақсатында «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар беруге Қайта конкурс жариялайды.

Мемлекеттік емес грант саны – 1 (бір).

Мемлекеттік емес грантты іске асыру аумағы – Атырау облысы.

Мемлекеттік емес грантты іске асыру мерзімі – 2023 жылғы сәуір – қазан.

Мемлекеттік емес грант сомасы – 7 000 000 (жеті миллион) теңге.

Мемлекеттік емес гранттың бағыты – Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану  (мысалы, сарқылу және шөлейттену, судан және желден эрозия, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластану, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын сақтау және т. б.)

Грантты беруге арналған Қайта конкурс екі кезеңде өткізіледі:
• Бірінші кезең: Қайта конкурс талаптарына техникалық сәйкестікке өтінімдерді тексеру және «Эко-инкубатор» шеңберінде әлеуетті арттыру бойынша тренингтер өткізу;
• Екінші кезең: бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн таныстыру, бағалау және грант алушыны анықтау.

 

Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://cisc.kz/kk/51516-51516.html