“EcoBatys 2.0″жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталуы

Ұйымдастырушы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы
Басталуы 30.01.2023 18:30
Аяқталуы 30.01.2023 18:30
Өткізу орны Астана қаласы, Қабанбай батыр д, 11/5

Байланыс

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

«Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосуды көздейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында «EcoBatys 2.0» байқауын жариялайды. Конкурс жеңімпаздары экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты гранттарға ие болады.

 Жоба жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. «Шелл-Қазақстан» компаниясы әр облысқа үш гранттан бөледі. Әр жобаға 7 млн теңгеден барлығы 9 жоба іріктеліп алынады.

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамалары 2023 жылдың сәуір-қазан айларында жүзеге асырылады. «EcoBatys 2.0» байқауы 2023 жылдың 16 қаңтарында басталады.

Мемлекеттік емес гранттарды бөлудің мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын ілгерілету, сондай-ақ «Шелл» концернінің табиғатқа қамқорлық жасауды көздейтін «Дамуға арналған энергия» жаңа стратегиясын қабылдауы.

«Шелл Қазақстан» компаниясы өзі қызмет ететін Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етіп, оған қоғамды тарту арқылы еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге үлес қосу туралы шешім қабылдады.

Байқауға өтінімді үш басым бағыттың бірі бойынша жіберуге болады: су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану; жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдалану; биологиялық әртүрлілікті және экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану. Әр басым бағыт бойынша бір жоба таңдалып алынады. 2023 жылы «Шелл Қазақстан» компаниясы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына үш гранттан бөледі.

Бұл – жоба серіктестері «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы демеп отырған екінші байқау. 2023 жылы жоба ұйымдастырушылары үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамаларын қолдауды жалғастыру және «EcoBatys2.0» жобасы үшін жаңа гранттық байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау ерекшеліктерінің бірі «Эко-инкубаторды» енгізу болмақ. Конкурс 2 кезеңнен тұрады, оның бірі оқыту бөлімі болмақ. «Эко-инкубатор» аясында үміткерлер әлеуметтік жобалау және экологиялық салалардағы әлеуетті арттыру және гранттық өтінімдерді күшейту үшін оқу семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн түрде таныстыру және бағалау, сондай-ақ грант иегерлерін іріктеу жүргізіледі.

 

Байқау ережелерімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында танысуға болады: www.cisc.kz.

Байқау қорытындысы оператордың ресми интернет-ресурсында жарияланады. Барлық өтінімдер 2023 жылғы 16 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін grants@cisc.kz  электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://cisc.kz/kk/47253-47253.html