Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 35-тармағына сәйкес (2025 жылғы 1 шілдеге дейін редакцияда қолданыста болған) және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының 2025 жылғы 05 қыркүйектегі № 05/09-001 хаты негізінде, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының 2025 жылғы «27» маусымдағы №01-14/31 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «30» маусымда жарияланған конкурс шеңберінде «Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласының «Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру» басым бағыты бойынша екінші орын алған «Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігіне мемлекеттік грант берілсін.
Негіздеме: «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының 2025 жылғы 05 қыркүйектегі №05/09-001 хаты.
