Атырау облысының Ішкі саясат басқармасының 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026-2027 жылдарға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 4 ақпан күні жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 2 хаттамасынан үзінді
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:
| № | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
| 1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Кино, медиа және заманауи технологиялар арқылы креативті индустрияларды дамыту және жастарды мәдени-шығармашылық қызметке тарту | қысқа мерзімді | «Key Transform» қоғамдық бірлестігі |
| 2 | Волонтерлік әлеуетті нығайту және волонтерлік ұйымдар мен волонтерлік қозғалыс көшбасшылары арасында үздік тәжірибелермен алмасу | қысқа мерзімді | «Qabilet»
қоғамдық қоры |
|
| 3 | Жастардың көшбасшылық және кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында олардың мобильділігін және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тартылу деңгейін арттыру | қысқа мерзімді | «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ | |
| 4 | Адал азамат» идеологиясын насихаттауға бағытталған «Atyrau Faces» жобасы | қысқа мерзімді | Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры |