Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2022 жылғы Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 20 мамыр күні жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 11 ҮЕҰ-дан 15 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 7 ҮЕҰ-дан 11 өтінім, орыс тілінде – 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім түскенін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 16 маусым Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.
Ағымдағы жылғы 21 маусымында өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;
3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.
Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.
Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;
2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын:
- Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:
№ р/н | № тақы
рып |
Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
Ереженің 28-тармағы (Өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі) | |||||
1. | 3 | Тұрғындардың, жастардың құқықтық сауаттылығын артыру бағытында кешенді шаралар ұйымдастыру | «Заманауи» Қоғамдық қоры | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі | |
2. | 3 | Тұрғындардың, жастардың құқықтық сауаттылығын артыру бағытында кешенді шаралар ұйымдастыру | ОО “Талимгер” | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі | |
3. | 5 | Жастардың стартап жобаларын қолдауға бағытталған инновациялық идеялар байқауын ұйымдастыру бойынша қызметтер | «Қазақстан Тәуелсіз Ұрпағы» Атырау қоғамдық жастар ұйымы» Қоғамдык Бірлестігі | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі |
|
4. | 6 | «Спорт. Өмір. Саулық» және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жобасын жүзеге асыру бойынша қызметтер (жастар арасында суицидтің, СПИД-тің, нашақорлық пен алкоголизмнің, интернет пен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру) | «Қазақстан Тәуелсіз Ұрпағы» Атырау қоғамдық жастар ұйымы» Қоғамдык Бірлестігі | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі | |
5. | 7 | Студенттік өзін-өзі басқару және волонтерлік қызметті дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша қызметтер | «Қазақстан Тәуелсіз Ұрпағы» Атырау қоғамдық жастар ұйымы» Қоғамдык Бірлестігі | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі | |
6. | 8 | Этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар арасында жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру | «Қазақстан Тәуелсіз Ұрпағы» Атырау қоғамдық жастар ұйымы» Қоғамдык Бірлестігі | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 9 ҮЕҰ-дан 9 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 6 ҮЕҰ-дан 6 өтінім жіберіледі:
пп № | № темы | Тақырып атауы | Өтінімдер саны |
1 | 1 | Жастардың стартап жобаларын қолдауға бағытталған инновациялық идеялар байқауын ұйымдастыру бойынша қызметтер | 3 |
2 | 2 | Отбасы институтын нығайту бағытында іс-шаралар кешені | 2 |
3 | 3 | Студенттік өзін-өзі басқару және волонтерлік қызметті дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша қызметтер | 2 |
4 | 4 | Тұрғындардың, жастардың құқықтық сауаттылығын артыру бағытында кешенді шаралар ұйымдастыру | 2 |
Конкурсқа тапсырылған өтінімдердің және рәсімдерге сәйкес келмейтін өтінімдердің болуына байланысты төмендегі гранттық тақырыптар бойынша конкурс өтпеді деп табылады:
пп № | № темы | Наименование темы | Причина |
1 | 6 | «Спорт. Өмір. Саулық» және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жобасын жүзеге асыру бойынша қызметтер (жастар арасында суицидтің, СПИД-тің, нашақорлық пен алкоголизмнің, интернет пен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру) | Өтінімдер сәйкессіз деп танылды |
2 | 2 | Гендерлік теңдікті ілгерлетуге бағытталған іс-шаралар кешені | Өтінімдер түспеді |
3 | 4 | Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар өткізу | Өтінімдер түспеді |
4 | 8 | Этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар арасында жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру | Өтінімдер сәйкессіз деп танылды |
Жобаларды басқару
департаментінің директоры Е.Рашидов