Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Әлеуметтік инновациялар» конференциясы

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «Әлеуметтік жобалаудағы жаңа тәсілдерге оқыту бағдарламасын әзірлеу, gr, фандрайзинг, әлеуметтік коммуникациялар, финалы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін елдің өңірлері бойынша білім беру курстарын және жастар ҮЕҰ көшбасшыларының конференциясын өткізу» жобасы шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар» Республикалық Конференцияны өткізуде.

Конференцияның негізгі мақсаты – жастар бастамалары дамуының инновациялары мен стратегиялық келешегін анықтау үшін нәтижеге қол жеткізер диалог алаңын ұйымдастыру.

Конференцияның негізгі блоктары:

Жобаның жетістіктері: жастар лигасы, өңірлік десант, республикалық жаттықтырушылар командасы
Көру бұрышы: жастар үшін әлеуметтік инновациялар – жастар әлеуметтік инновациялар үшін
Әлеуметтік идеялар: жастардың көшбасшылары неге және қалай әсер ете алады
Ұрпақтар арасындағы көпір: көзқарастар, тәсілдер және уәждемелер арасындағы ортақтық пен айырмашылықтар
2020 жыл – Еріктілер жылы: трендтер мен сын-тегеуріндер
Болашақтың бейнесі: сыртқы күштер мен ішкі ресурстарды талдау; идеялар, стартаптар, кешенді жобалар – жайғастыру және ілгерілету
Іскерлік ойын: стратегиялық ойлауды дамытамыз және жағдаяттардың моделін құрамыз
Конференция 2019 жылғы 4-5 қазанда өтеді.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының шеңберінде өткізіліп жатыр.