Атырау облысының жеті ауданында «Talaptan» жастар жобалары жүзеге асырылуда

Жарияланған күні: 15.10.2026


Атырау облысының жеті ауданында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша «Talaptan» кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Жобалар Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарын қамтиды.

Әр ауданда жоба жергілікті жастардың қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылуда. Жобалар аясында қаржылық, құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру курстары, жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша тренингтер, кәсіби бағдар беру кездесулері, зияткерлік және спорттық жарыстар, шығармашылық шаралар мен ашық диалог алаңдары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жастар арасында волонтерлікті дамытуға басымдық берілген.

Мәселен, Жылыой ауданында «Talaptan Quiz» зияткерлік ойыны, қаржылық және цифрлық сауаттылық бойынша тренингтер өтті. «Talaptan Isatay» жобасы аясында білім беру курстары, волонтерлік шаралар, аудандық спартакиада, кітап оқу сайысы, сондай-ақ «Talaptan HUB» және «We TALK» алаңдары қарастырылған.

Индер ауданында тамыз айында спорттық, ақпараттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Ауыл жастарының спартакиадасына 171 жас қатысты. «Talaptan Jaidarman» сайысына 6 команда құрамында 40 жас қатысты. Сонымен қатар «Talaptan Hub» жастар кездесуі, волейбол турнирі және ауыл балаларына арналған эстафеталық жарыс өтті.

«Talaptan» жобалары ауыл жастарының кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамытуға, жергілікті бастамаларды қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, волонтерлік пен қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.