Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі №352-НҚ «2026 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттардың қосымша бағыттарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 31 шілдеде жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 32 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту» Оңтүстік өңірлерде тілдік және этникалық белгілері бойынша Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу қысқа мерзімді «Шаңырақ» ҚХА кафедралары қауымдастығының РҚБ
2 Шығыс және батыс өңірлерде тілдік және этникалық белгілері бойынша Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу қысқа мерзімді «Өзекті саясат институты» ҚҚ
3 Солтүстік және орталық өңірлерде тілдік және этникалық белгілері бойынша Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу қысқа мерзімді «Даму Қазақстандық Қауымдастығы» ЗТБ