БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КЕАҚ
Басқарма Төрағасы
__________________ Е.Сапаров
2026 жылғы «____» қыркүйек
2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған конкурсына, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) тарапынан 2026 жылғы 31 шілдеде жарияланған конкурс шеңберінде 9 ҮЕҰ-дан 18 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 өтінім мемлекеттік тілде және 17 өтінім орыс тілінде ұсынылды.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 21 тамыз күні сағат 18:30-да аяқталды.
2026 жылғы 31 тамызда Оператор Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына, сондай-ақ Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар бағыттарының 2026 жылға арналған қосымша тізбесіне өтінімдердің сәйкестігін тексеруді аяқтады, оның ішінде:
1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;
7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
|
№ |
Заңның 5- бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Грант түрі |
Ұйым атауы |
|
1 |
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту |
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу (солтүстік және орталық өңірлер) |
Қысқа мерзімді |
«АҚТУАЛДЫ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Казахстанская Ассоциация Даму» заңды тұлғалар бірлестігі |
|
|
|
|
|
«Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігі |
|
|
|
|
|
«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры |
|
2 |
|
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу (шығыс және батыс өңірлер) |
Қысқа мерзімді |
«АҚТУАЛДЫ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Корган-М» республикалық қоғамдық бірлестігі |
|
|
|
|
|
«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры |
|
3 |
|
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу (оңтүстік өңірлер) |
Қысқа мерзімді |
«АҚТУАЛДЫ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры |
|
|
|
|
|
«Корган-М» республикалық қоғамдық бірлестігі |
|
|
|
|
|
«Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігі |
|
|
|
|
|
«ШАҢЫРАҚ» «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі |
|
|
|
|
|
«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры |
|
№ |
Заңның 5- бабының 1- тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Грант түрі |
Ұйым атауы |
Бас тарту себебі |
|
1 |
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту |
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу (солтүстік және орталық өңірлер) |
Қысқа мерзімді |
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі |
Өтінім Қағидалар талаптарына сәйкес келмейді |
|
2 |
|
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген түріне жол бермеу (шығыс және батыс өңірлер) |
Қысқа мерзімді |
«BasQary» қоғамдық қоры |
Өтінім Қағидалар талаптарына сәйкес келмейді |
|
3 |
|
|
|
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі |
Өтінім Қағидалар талаптарына сәйкес келмейді |