Жарияланған күні: 24.08.2026
20–21 тамызда Астанада «Волонтерлік арқылы бірігу: әріптестік, сенім, даму» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің бірінші форумы өтті. Екі күндік форум тәжірибе алмасуға, волонтерлік бастамаларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды.
Форумның алғашқы күні қатысушылар тең мүмкіндіктер волонтерлігі, корпоративтік волонтерлік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Панельдік сессияларға ТМД елдерінің қоғамдық ұйымдары мен волонтерлік қозғалыстарының, сондай-ақ Қазақстанның ірі компанияларының өкілдері қатысты. Әлеуметтік қолдау мен инклюзия, жастар бастамалары, корпоративтік волонтерлікті дамыту және қызметкерлерді әлеуметтік бастамаларға тарту тәжірибесі қарастырылды.
Сондай-ақ «Шекарасыз волонтерлік: волонтерлік қоғамды қалай өзгертеді» волонтерлік трегі және «ТМД-дағы волонтерлік: ортақ болашақ және жаңа мүмкіндіктер» стратегиялық сессиясы өтті.
Форумның екінші күні эковолонтерлік пен орнықты даму, мәдени волонтерлік және мұраны сақтау мәселелеріне арналды. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері осы бағыттардағы тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасымен халықаралық ынтымақтастыққа арналған конференция да өтті. Қатысушылар осы саладағы жетістіктерді, өзекті сын-қатерлер мен одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Екі күндік форум барысында ТМД елдерінің волонтерлік саласындағы тәжірибесі таныстырылып, түрлі бағыттағы волонтерлік бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.