«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің отырысы: негізгі нәтижелер мен қабылданған шешімдер

Жарияланған күні: 28.07.2026


Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Орталықтың 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі, 2026 жылдың І–ІІ тоқсандарындағы негізгі және гранттық қызметінің қорытындылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің есебі және Басқарма басшылығының 2026 жылға арналған негізгі тиімділік көрсеткіштері қаралды.

Басқарма төрағасы Елдар Сапаров бірінші жартыжылдықтағы қызмет нәтижелерін таныстырды. Есепті кезеңде мемлекеттік гранттық қаржыландырудың тұрақты іске асырылуы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік органдармен және өңірлермен өзара іс-қимыл кеңейтілді.

Директорлар кеңесі сондай-ақ 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жұмыс қорытындыларын қарады. Тәуелсіз аудит қорытындысына сәйкес Орталықтың қаржылық есептілігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар есепті кезеңде жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Отырыс қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдап, 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілікті алдын ала мақұлдады, бірінші жартыжылдықтың қызмет қорытындылары мен комплаенс қызметінің есебін назарға алды. Сондай-ақ Басқарма басшылығының 2026 жылға арналған негізгі тиімділік көрсеткіштері бекітілді.