«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Алматы облысы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 27/1-ж/қ бұйырғы негізінде 2026 жылғы 8 маусымда жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 31 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Алматы облысында жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған іс – шаралар Ұзақ мерзімді «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі