«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Алматы облысы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 26/1-ж/қ бұйырғы негізінде 2026 жылғы 8 маусымда жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 30 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның, суицидтің және құқық бұзушылықтың алдын алу қысқа мерзімді «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігі
2 Еріктілер қозғалысын дамыту және еріктілер фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Қоғамға қажет» жеке қоры