ГРАНТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланған күні: 02.07.2026


Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылып жатқан гранттық жобаларды іске асырушы Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрліктің әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асырудың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары шығарылып, қолданыстағы бастамалардың аралық нәтижелері қаралды.

Жобаларды іске асыру сапасы, гранттық қаражаттың ашық әрі мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тікелей диалог форматында өткен кездесуде Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өңірлерде жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді және өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

Евгений Кочетов мемлекеттік қолдау нақты қоғамдық міндеттерді шешуге бағытталып, өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері ағымдағы мониторинг нәтижелерін ұсынып, грант алушыларға көрсетілетін әдістемелік және сараптамалық қолдау туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жетілдіруге және әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Іс-шараға «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, «Қазақстанның Экологиялық қоры» ҚҚ, «ҚСА» республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ,  «QOLDAU» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі ҚБ, «СЕРПІН» ұлттық әлеуметтік даму қоры, Қоғамдық ақпарат қоры ҚҚ, «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры және «Медициналық жастар» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.