Жарияланған күні: 01.07.2026
Кездесуге 10-нан астам үкіметтік емес ұйым өкілі қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты азаматтық қоғам институттарының рөлін талқылау, үкіметтік емес ұйымдардың жаңа конституциялық кеңістіктегі мүмкіндіктері мен міндеттерін саралау болды.
Жиында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Елдар Сапаров өз сөзінде: «Бүгін тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи күн, өйткені бүгіннен бастап еліміздің ұзақ мерзімді жан-жақты дамуын айқындайтын жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – еліміздің саяси жүйесі мен азаматтық қоғам институттарын жаңғыртудың жаңа кезеңі. Жаңа Конституция азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашып, волонтерлік қозғалыс пен Үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар жаңа Конституция негізінде құрылатын Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан 42 өкілдің енуі азаматтық қоғамның мемлекеттік деңгейдегі рөлін күшейтуге жол ашады», – деп атап өтті.
Жиында Қазақстан Азаматтық Альянсының директоры Ералы Нұрас, «Қазақстанның Экологиялық қоры» қоғамдық қорының президенті Айгүл Қадесқызы, «TechnoWomen» ұйымының Басқарма төрағасы Азиза Шужеева, «QOLDAU» қоғамдық бірлестігінің өкілі Темур Мұратов және Ұлттық волонтерлік желінің республикалық үйлестірушісі Бауыржан Жұмат сөз сөйледі. Сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдардың конституциялық реформаларды іске асырудағы рөлі мен мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолдары қарастырылды.