Астанада «Кәсіптердің трансформациясы және болашақ дағдылары» тақырыбында Career Day конференциясы өтті

Жарияланған күні: 30.06.2026


Астанада «Кәсіптердің трансформациясы және болашақ дағдылары» тақырыбында Career Day конференциясы өтті

Елордада еңбек нарығындағы өзгерістерді, цифрлық технологиялардың дамуын және жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылауға арналған Career Day: «Кәсіптердің трансформациясы және болашақ дағдылары» конференциясы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция барысында жаңа цифрлық мамандықтар, болашақ дағдылары, IT-білім беру мүмкіндіктері, жасанды интеллект құралдарын қолдану және еңбек нарығындағы өзекті үрдістер талқыланды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы атынан Жобаларды басқару департаментінің директоры Нариман Айтбай сөз сөйлеп, үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тетіктері, азаматтық бастамаларды қолдау мүмкіндіктері және мемлекеттік гранттардың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Бүгінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор ретінде азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосып келеді. Орталық қызметі туралы мәліметтер конференция қатысушыларына таныстырылды.

Career Day конференциясы тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және цифрлық трансформация жағдайында жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге арналған тиімді алаңға айналды.