Конкурстың күшін жою туралы
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік грант беру конкурсының «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 01-11/366 хатына сәйкес күші жойылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты конкурс бойынша өтінімдерді қабылдау, қарау және одан әрі өңдеу тоқтатылады.