«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылғы «4» наурыздағы №18-Б бұйырғы негізінде 2026 жылғы 6 мамыр күні қайта жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 28 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының

32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1

 

 

Қоршаған ортаны қорғау

Жыртқыш құстар мен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген (соның ішінде жыл құстары) құс түрлерін сақтау және оларға реабилитациялық іс-шаралар жүргізу арқылы уақтылы көмек көрсету қысқа мерзімді «UMIT MANGISTAU» қоғамдық қоры