Атырау облысындағы әлеуметтік жобалардың іске асу барысы талқыланды

Жарияланған күні: 17.06.2026


Атырау облысындағы әлеуметтік жобалардың іске асу барысы талқыланды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Zoom платформасында Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың іске асу барысына арналған онлайн жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан 12 әлеуметтік жобаның қазіргі жағдайы сараланып, әр бастама бойынша атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары сөз болды. Тараптар тәжірибе алмасып, жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу нәтижесінде әлеуметтік бастамаларды одан әрі сапалы іске асыруға қатысты бірқатар жұмыс тетіктері нақтыланып, алдағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді.