Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың Маңғыстау облысы бойынша 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылғы 4 наурыздағы №18-Б бұйрығы негізінде 2026 жылғы 7 сәуірде жарияланған мемлекеттік гранттар конкурсы шеңберінде грантқа өтініш берушілер арасынан жеңімпазды іріктеу мақсатында өткен Конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 28 мамырдағы №22 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 32-тармағына сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік гранттың жеңімпазы болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоршаған ортаны қорғау Өңір халқының табиғатқа жауапты қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің орнықты дамуы саласындағы халықтың белсенділігін арттыру қысқа мерзімді «Еco-social» қоғамдық бірлестігі