Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Жетісу облысындағы гранттық жобаларға мониторинг жүргізуде

Жарияланған күні: 21.05.2026


Сапардың негізгі мақсаты – әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу және мемлекеттік гранттарды іске асыру тетіктерін талқылау.
Орталықтың мамандары Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан 5 ұйымның 8 әлеуметтік жобасына мониторинг жүргізуде, олардың ішінде:
• «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
• «Аяулы Алақан» қоғамдық бірлестігі
• «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі
• «Мүшелтой» аула клубы қоғамдық бірлестігі
• «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесінің Жетісу өңірлік филиалы бар.
📊 Мониторинг барысында жобалардың құжаттары зерделеніп, олардың тұрақтылығы мен нәтижелілігін арттыру бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді деп күтілуде.