Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2026 жылғы «2» сәуірдегі №61-Н/Қ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау тәртібің НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ

Басқарма Төрағасының м.а.

__________________ Ж.Шейхислам

«____» мамыр 2026 жыл

2026 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған конкурсына, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – Оператор) тарапынан 2026 жылғы 16 сәуірде жарияланған конкурс шеңберінде 5 ҮЕҰ-нан 6 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 4 өтінім мемлекеттік тілде және 2 өтінім орыс тілінде ұсынылды.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 21 мамыр Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;

3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;

5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;

6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;

7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізубойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуғажосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметітоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақынтуыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;

13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуғажіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетінболады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды(жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1. Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға жіберілген өтінімдер туралы:

Заңның 5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Грант түрі

Ұйым атауы

1

Мәдениет пен өнердідамыту

«Жас қаламгер» жобасы

Қысқа мерзімді

«Көмек командасы» қоғамдық қоры

«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА»қоғамдық қоры

Отбасылық ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу

«Риза-ана» қоғамдыққоры

«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры

2.

Қоршаған

ортаны қорғауМәдениет пен өнерді дамыту

Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру

Қысқа мерзімді

——

2. Төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілергебас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Грант түрі

Ұйым атауы

Бас тарту себептері

1.

Мәдениет пен өнерді дамыту

Жас қаламгер» жобасы

Қысқа мерзімді

«JasART» жекеменшік

мекемесі

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді

2.

Мәдениет пен өнерді дамыту

Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру

Қысқа мерзімді

«Ақтау қалалық суретшілер одағы»қоғамдық бірлестігі

Өтінім Қағида талаптарына сәйкес келмейді